Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Карантин пайда табудың бір жолы: «Яндекс такси» қызметі қымбаттап кетті

175
Сурет: otyrar.kz

Таксидің бағасын көтеретіндей объективті себеп жоқ. Қызмет көрсетуге кететін шығын кемімесе артпады, қалада бұрынғыдай кептеліс жоқ, қозғалу жылдамдығы артты, сәйкесінше жанармай шығыны төмендеді. Бұлай бола тұрса да жол жүру ақысы қымбаттап кетті. Неліктен?

Яндекстің логикасы

Яндекс.Такси: бағаны қымбаттатқан жоқпыз дейді. Сұраныс артқаннан кейін бағдарлама өздігінен бағаны көтерді (программаның әрекеті оның иесіне бағынбайтындай айтады — ред.). Сұраныстың артып, ұсыныс шектеулі болғаннан коэффициент өсті дейді.

— Қазақстанның басқа қалаларында да, Алматыда да  біз тарифті көтерген жоқпыз, —  деп Яндекс.Таксидің Орталық Азиядағы нарықты дамыту бойынша атқарушы директоры Тамирлан Шапиев 365info медиапорталына жағдайғға қатысты пікір білдірді. — Қалада ары-бері жүріп-тұруға қатаң шектеулер қойылған. Әкімнің бірінші орынбасары өзінің қызметін ұсына алатын 2 мың көлік жүргізушісінің тізімін бекітті.

Тізімге рейтингі жоғары жүргізушіліер ілікті. Қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат беру арқылы жолаушылар ағынын қысқартуы керек еді. Бұл пандемия жағдайында дұрыс енгізілген шара деп ойлаймыз.

Сұраныс әлі артады!

— Жол ақысының 200-400 теңгеге өскенін қалай түсіндіресіз?

— Қазіргі машиналардың саны  бізге келіп түскен сұранысқа сай болмай тұр. Көлік жүргізушілері жеткізу қызметін де атқаруда, қазір адамдардың да, мекемелердің де сұранысы артты. Қызмет көрсету және көлік жөндеу қызметтері жабық, кейбір көлік жүргізушілері қала ішінде жүруге рұқсаттары болса да, машинасының жағдайына қарап жұмысын тоқтатуға мәжбүр.

20 сәуірден бастап жұмыс режимін қалыпқа келтірген кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі кеңейді, соған сәйкес такси қызметіне де сұраныс артады. Автокөлік тапшылығы бұрынғыдан да көбірек сезілетін болады.

Қызмет ақысы көптеген факторларға, соның ішінде машиналарға келіп түскен сұраныс пен тапсырысты орындауға дайын бағыттағы жүргізушілердің санына сүйеніп, алгоритмдермен автоматты  түрде есептеледі

Басқа кез келген уақытпен салыстырғанда қазіргі кезде жүйеде коффициент артып кетті, сұраныс көп, ұсыныс аз. Бұл тез арада бір жерге бару керек болған адамдарға такси қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоғары коэффициентті өшіріп тастайтын болсақ, сұраныс артқан  аудандарда адамдар көп уақытын такси іздеуге жұмсайды немесе мүлдем ешнәрсе таппайды. Ал жүргізушілерге көшеден жолаушы алуға тиімдірек болады, себебі адамдар  діттеген жеріне  қалай болса да жету үшін әдеттегі соммадан көбірек қаражат беруге дайын тұрады.  Нәтижесінде заңсыз тасымалдау қызметі пайда болады.

Серіктестерімізбен бірге мемлекеттік органдармен үнемі байланыстамыз. Бұл сұраныстың артуына қарай қала ішінде қозғалуға мүмкіндік беретін рұқсатнамаларға қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Билік Яндекстен бағаны көтермеуді сұрады

Алматыдағы жедел штабтың өкілі Индира Андирова тасымалдаушылармен  такси қызметінің құнының қолжетімділігі туралы бірнеше рет сөйлескенін айтады.

— Біз бұл сұрақты штабта көтерген едік, — дейді қала әкімі орынбасарының  баспасөз хатшысы. — Яндекс.Таксимен бастапқыда бұл туралы сөйлестік, олар бізге тапсырыстар 10 есеге төмендеді, мыңға да жетпейді деп айтты. Осыған қарап, 2 мың машинаға ( 2020 жылдың сәуір айында)  квота бөлеміз деп келістік

Олар керісінше, бағаны төмендету керек еді,

себебі бұрындары жол шығынында кептелісті де ескерген еді, қазір көріп отырғанымыздай кептеліс жоқ. Біз оларға қала көшелері бос болғандықтан, бағаны көтермеңіздер, адамдардың шарасыздығын пайдаланбаңыздар деп айтқан едік. Менің түсінгенім, бәрі сөз жүзінде қалыпты.

Жақсы нәрсеге тез үйреніп кетесің

Яғни сұраныс артқындықтан, баға да қымбаттаған. Бірақ бұл такси қызметін ұсынушылардың қылығын ақтамайды. Сұраныс арты екен деп, бағаны көтерген дұрыс па? Елде төтенше жағдай, қалаларда карантин енгізілген.

Сұраныс артуы мен Яндекстің монополдық жағдайы — төтенше жағдайдың нәтижесі

Біреу жұмыстан шығып қалды, бірек жұмыстан шықпаса да табысынан айырылды. Ал Яндекс пайда көріп отыр.

Сұраныс артты ма? Тапсырыстарды кезекке қойыңыздар, бірақ бағаны қымбаттатпаңыздар. Барлығы өздеріңіздің пайданы ойлаған пиғылдарыңызға байланысты. Бірақ Яндекстің әкімшілігі өздерінің сол арам пиғылын «бағдарлама алгоритмі» мен «коэффициенттерді» сылтауратып, жуып-шайғысы келеді. Олардың логикасын түсінуге болады… себебі ол коммерциялық пайдаға негізделген.

Елде бетпердеге сұраныс артып, алып-сатарлар шығып, ел арасында дүрлігу пайда болған кезде билік жүздеген дәріханаларды өз орындарына қойып, шекті бағаны бекітті. Таксиге келген кезде бұндай амал-әрекеттердің бірі де қолданылмады немесе қолдана алмады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз