Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Карантин де жоқ, комиссия да жоқ…”. Шолпан ауылында сары ауру өршіп тұр

155

1400-ге жуық халқы бар Шолпан ауылының тұрғындары неге үрейленіп отыр дейсіздер ме? Өйткені күзде тарала бастаған дәрігерлер қанша жанталасқанмен жұқпалы дерттің беті қайтпай тұр.  Оның ошағы да әлі табылмаған.

Ал осы дерттен көз жұмған 11 жастағы жеткіншектің анасы  Индира Жәнібекова: “Баламды аудандық аурухана қабылдамай, ауылда амбулаторлық ем тағайындалғандықтан, қайғылы жағдайға душар болдық” – дейді.

Көрдіңіз бе? Бұл шектен шыққан салғырттық емей немене? Ал амбулаторияда жүргенде ол бала дертті қанша адамға жұқтырды десеңізші?.. Жүрдім-бардым қарау ғой бұл! Мұны қайғылы ана да растайды.

https://kaz.365info.kz/bireudin-maly-khyryla-bersin-veterinar-karantin-turaly-shyndykhty-ajtty-262776

“Басында мұны сарыауру емес, ұшынып қалған деді. Біздің көшенің басында бір қыз ауырып бастады. Одан жұқпалы аурулар емханасына апарып жатқызды. Бір апта жатты ма, жатпады ма, 2 баланы мектепке әкелді. Ол балаларды не оқшаулаған жоқ, не алдын алған жоқ. Ақыры менің қызым ауырды, міне, нәтижесі осындай болып отыр.

Сол сарыаурудан қайтыс болды, асқынып кеткен. Жансақтау бөлімінде жатқанда қасында болдым.

Қарамағанның нәтижесінде осындай болып отыр, салғырттықтың кесірінен ғой”, — дейді ол.

Қазір бұл жағдай бойынша прокуратурада қылмыстық іс қозғалған. Әлі қорытындысы беймәлім. Ал ауыл тұрғындары үрей құшағында өмір сүруге мәжбүр. Өйткені мектепте сабақ әлі жалғасып жатыр.

“Аурумен қарым-қатынаста болған 800-дей адамнан қан алынды. Жалпы 49 адамда тіркеліп, 25-і орталық ауруханада емделіп шықты. Алдын ала екпе жүріп жатыр. Ата-аналардың келісімімен 8-9-ына 90 балаға, бүгін 49 балаға, жалпы саны 139 балаға екпе жасалды дәрігерлердің рұқсатымен”,- дейді Үржар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жескенбай Тілеуберлин.

Жаппай екпе жасалып жатқанымен, аурудың қашан тоқтайтыны белгісіз. Өйткені гепатиттің неден шыққаны нақты анықталмаған. Елді алаңдатып отырғаны, ахуалдың асқынғанына қарамастан, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бір де бір маман келмеген. Енді олар республикалық комиссиядан мәселенің мән-жайын жан-жақты тексеруін сұрап отыр.

https://kaz.365info.kz/kylkili-bolsa-da-ashhy-shyndykh-ykimet-12-zhyl-tamakhtyn-bagasyn-ozgertpej-esep-berip-keledi-256069

Айта кетелік, сарыауру немесе гепатит – жиі кездесетін жұқпалы дерттің бірі. Оның 4 түрі бар:

«А» вирусы, «В» вирусы, не «А» не «В» емес вирус, Дельта-вирус.

Инкубациялық немесе жасырын кезең – «А» гепатитінде 14-50 күн, «В» гепитінде 50-180 күн.

Бастапқы немесе сарғаюға дейінгі кезең ұзақтығы бірнеше күннен 2 жұмаға созылады; баланың жалпы жағдайы бұзылады – шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі, кекірік пайда болады, буындары сырқырап, бауыр тұсы ауырады, жүрегі айнып құсуы мүмкін. Осы белгілермен қатар аурудың ерте білінетін белгілерінің бірі – зәр түсінің қоңырқай тартып сыра түстес болуы, ал үлкен дәретінің түсі жайылып ағара бастауы да мүмкін.

Аурудың өрістеу кезеңі немесе сарғаю кезеңі – ұзақтығы 2-3 апта. Көздің, ауыздың шырышты қабығының, таңдайдың, терінің сәл сарғыштан қою сары түске дейін боялуымен сипатталады. Бауыры мен көк бауыры ісіп денесінде қызарған бөртпелер пайда болады. Кейде мұрнынан, қызыл иегінен қан кетіп, денесі қышиды, зәрінің түсі қоюлана түседі. Қанның биохимиялық анализінде биллирубин көрсеткіші жоғары көтеріліп (нормада-20 ммоль) тимол көрсеткіші (4 ед), АЛТ көрсеткіші (0,68 ммоль) жоғары көтеріледі.

Аурудың аяқталу кезеңі – бауырдағы қабыну процесі азайып, оның қызметі ретке келеді: баланың жалпы жағдайы жақсарып, зәрінің және нәжісінің түсі дұрысталады. Бауырдың ісігі азайып, сарғаю кетіп, анализдері қалпына келеді. «В» гепатиті көбіне ауыр өтеді: жалпы жағдайы қатты өзгереді, денесі қатты сарғайып, қандағы биллирубин мөлшері өте жоғары болады. Кейде ауру бірнеше рет қайталанып, созылмалы түріне айналады.

Ал созылмалы гепатит бауыр циррозына айналуы мүмкін. Асқынуы: бауыр клеткаларының некрозға ұшырауы салдарынан бауырдың жедел дистрофия­сының дамуы. Бұл асқыну бауыр комасына жалғасады – балада әлсіздік, қатты бас ауыруы, тәбеттің жойылуы, қайтара құсу, ббауыр тұсының ауырсынуы, бауырдың көлемінің тез кішірейіп кетуі, мұрын мен қызыл иектен, ішектен қан кетуі байқалады. Ауру баланың ақыл-есі тұманданып, біраздан кейін ұйқы басып кома дамиды. Адамның демінен бауыр иісі шығады. Бұл асқыну көбіне науқастың өліміне әкеліп соғады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз