Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Канело” қарымта жекпе-жекке келісім берді. Енді Головкиннің жауабын күтіп отыр

“Келісімге қол қоюға аз қалды. “Канело” жұдырықтасқысы келеді. Енді маңызды түстарын шешіп алсақ болғаны. Басты мақсатымыз – қарымта жекпе-жек. Мұны Сауль де, дүйім жұрт та қалап отыр. Рождество қарсаңында келіссөздерді жандандырып, бір шешімге келерміз. Головкиннің өкілдерімен жұмыс істеп жатырмыз. Том Леффлер қазір Германияда. Ол Геннадиймен сөйлеседі, біз оның жауабын күтеміз”, – дейді Гомес. 

Мұның алдында Том Леффлер қарымта жекпе-жекті 5 мамырда өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді. Әзірге жекпе-жектің өтетін жері белгісіз. 

Ал GBP промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя Головкин – “Канело” жекпе-жегі алғашқы кездесу болған Лас-Вегас қаласында өту керек деген ойда.

Сонымен қатар, бұл жекпе-жекті Нью-Йорктегі Madison Square Garden және Техастағы AT&T Stadium қабылдауға дайын. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз