Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

„Канело-боқмұрын„. Головкиннің бапкері артық кетті

Бапкер Головкиннің соңғы жекпе-жекте америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы бар күшін салып жұдырықтаспағанын айтып өтті. Санчестің айтуынша, бұған өз себептері де болған.

“Қалай ойлайсыздар, Головкин рингке көтеріліп, Джейкобсты соққының астына алса, қазір “Канеломен” жекпе-жек болар ма еді? Мен бұлай ойламаймын, сондықтан Оскар Де Ла Хойя (Альварестің промоутері – Авт.) 2018 жылы жұдырықтассын деумен болды. Геннадий Дэнниді нокаутқа түсірсе, бұл жекпе-жегіміз болмай қалар еді. Бұл күлкілі, бірақ Джейкобспен кездесу өткізгеннен кейін Альварестің командасы кенет бізбен жекпе-жек ұйымдастыру туралы айта бастады. Бұл кездейсоқтық дей алмаймын. Бұл орта салмақтағы чемпион мен қолдары жылдам баланың кездесуі. Головкин қашықтықты азайтса және таймингті түсінсе, ол “Канелоны” таптап тастайды деп ойлаймын”, – деді Головкиннің бапкері.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз