Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Кәмелетке толмаған жастарға темекі сатуда сатушылардың жауапкершілігі қандай?

221

Бұл Қазақстанның Сауда Кәсіпорындары Қауымдастығы (ҚСКҚ) “Adal Nietpen” жобасы аясында құрамында никотині бар өнімдерді сату тақырыбында 400 дүкен сатушысы арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Сатушының жасөспірімге никотині бар өнімді сату туралы шешімінің артында не тұр, осы сауалнаманың қорытындысы бізге жағдайды толығырақ түсінуге көмектеседі”, – дейді Жібек ӘЖІБАЕВА, ҚСКҚ басқармасының вице-президенті, – Зерттеудің кейбір көрсеткіштері Adal Nietpen жобасының тиімділігін өлшеу үшін негізгі индикаторларды сипаттайды”.

Сауалнама қорытындысы бойынша:

  • Сатушылардың тек 37%-ы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға қазіргі күнгі тыйым салуды темекі шегуге қарсы күрестің тиімді шарасы деп санайды.
  • Сатушылардың көпшілігі (55%) ҚР сауда нүктелерінде кәмелетке толмаған сатып алушыларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салу толық көлемде сақталады деп санайды; бұл ретте әрбір бесінші сатушы жағдайдың керісінше екеніне сенімді.
  • Сатушылардың пікірінше, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салуды сақтамаудың негізгі себебі – қаржылық себептер және табыс алу қажеттілігі (47%).
  • Сатушылардың едәуір бөлігі (37%) темекі шегу мен никотинге тәуелділікпен күресудегі дүкен сатушыларының рөлін маңызды емес деп санайды.
  • Сұралған сатушылардың 53%-ы өз қаласының дүкендерінде кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату жағдайлары туралы естіген.
  • Сатушылардың 54%-ы кәмелетке толмаған сатып алушыға темекі өнімдерін сату бас тартылса, олар өнімді басқа дүкеннен сатып ала алады деп санайды.
  • Сатушылардың 20%-ы тыйымды бұзған сатушылар бұған жиі жауап береді деп санайды.
  • Көптеген сатушылар (91%) темекі өнімдерін сату ережелерінің толық сақталуын мәлімдейді. Егер әлеуетті сатып алушының жасын анықтау қиын болса, 10 сатушының 9-ы жеке куәлікті көрсетуді сұрайды.

Жас сатып алушылар оларға тыйым салынған өнімдерді сатып алуға келетіндіктен сатушының жауапкершілігі үлкен рөл ойнайды. Дүкендердегі сатушылар – бұл балалар темекі мен құрамында никотині бар өнімдерге қол жеткізе алатын “көпір”, сондықтан “Adal Nietpen” жобасы бөлшек сауда өкілдеріне сатып алушының жасын бақылаудың маңыздылығын, сондай-ақ олардың кәмелетке толмағандардың болашағына ықтимал әсерін еске салуға бағытталған.

“Кәмелетке толмаған сатып алушыларбұл тәжірибесіздігіне байланысты өмірлерінде көптеген жылдарға созылатын зиянды әдеттерге ие болатын аңғал жасөспірімдер. Сатушыларды біздің қозғалысқа қосыла отырып, өскелең ұрпаққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз”, – дейді ҚСКҚ атқарушы директоры Ермек РАХМЕТОВ.

Осы жылдың маусым айының басында жүзеге асқан жоба шағын бөлшек сауда өкілдеріне, соның ішінде дүкен иелеріне, кассирлерге және құрамында никотині бар өнімдер мен кәмелетке толмағандар арасында көпір бола алатын барлық адамдарға бағытталған. Жобаның жаңалықтары мен іс-шаралары туралы @adal_nietpen Instagram аккаунтынан білуге болады.

Сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен консалтинг саласында қызмет көрсетуге мамандандырылған Alvin Market компаниясы жүргізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз