АҚШ вице-президенті және президенттікке кандидат Камала Харрис журналистерге сайлауда дауыс беріп, бюллетеньді пошта арқылы жібергенін айтты.
CNN арнасына мәліметінше, Харрис 3 қарашада журналистерге бюллетенін толтырып, оны өзі тіркелген Калифорнияға жібергенін мәлімдеді.
“Пошта арқылы дауыс беру үшін сайлау бюллетенімді жаңа ғана толтырдым. Осылайша дауыс бердім”, – деді АҚШ президенттігіне үміткер.
“Бюллетень қайтарылды ма?” деген сұраққа жауап берген ол: “Менің бюллетенім Калифорнияға апарар жолда. Жүйеге сенемін және ол діттеген жерге жетеді деп ойлаймын” деді.