Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Каблугымен тебеді”. Балаларды аяусыз соққыға жыққан тәрбиеші оқиғаның мән-жайын түсіндірді

https://kaz.365info.kz/yrladym-agajyn-abdizhappar-alkhozha-mojyndaj-saldy-video-334541

Тентек тәрбиешіден жәбір көрген 5 сынып оқушысы Әділеттің анасы Қаламқас Жұмабекқызы видеоны  көріп, шошып кетіпті. Сол оқиғадан кейін өз-өзіне келе алмай жүрген жалғызбасты ана шектен шыққан тәрбиеші заң алдында жауап беруі тиіс дейді. Себебі, балаларға теперіш көрсетуі бірінші рет емес екен.

“Кейбір ата-аналардың айтуынша, балаларының   аузына  дейін түкіріп  каблугымен тебеді екен.  Бір бала дұрыс жүрмесе, барлығын жазалайтын көрінеді.  Баламды мен қорғамасам, ешкім қорғамайтынын көзім жетіп, органдарға арыз жаздым. Әділдік талап етем”, дейді Әділеттің анасы.

Тақтада басын шұлғи мұғалімнің айғайын естіп тұрған Гауһардың атасы Мантай Төлегенов та алғашында ашуға мінген. Алайда, интернат басшылығымен тілдесіп, тәрбиешіні бір жолға кешіріпті.

“Баланың қасында жүретін адамдар дұрыс болу керек. Балаға қол көтеру дұрыс емес. Әке-шешесін шақырып, балаларың осындай деп айтқан дұрыс болар еді”, дейді Гаухардың атасы.

Астанада науқасты тепкілеп тастаған терапевттің шындығы ашылды

Жағдайы төмен отбасылар білім алатын №10 мектеп-интернаттың басшылығы шу шыққан соң ашушаң тәрбиешіні жұмыстан дереу босаттық деп отыр. Оқу ордасындағы айғай-шуды кеш естідік деген директордың орынбасары педагогтың бұрын-соңды ерсі қылығын байқамадық дейді.

Қатаң тәртібімен танылған тәрбиешінің айтар өз уәжі бар. Ол бар болғаны балаларды жамандықтан арашалап қалуға тырыстым дейді.

“Мен өзім шешейін дедім жағдайды. Балаларды сыныпқы кіргізіп, ұрыстым. Қолым ашумен тиіп кетті”, дейді Динара Сәденова.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш мектеп-интернатын қалалық білім басқармасы бақылауға алып, Динара Сәденова бұдан былай тәрбиеші қызметінен аластатылады.Ал, баламды ұрды деп арызданған ана тәрбиеші жазасыз қалмауы үшін күш саламын деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз