Қырғызстанның Ыстықкөл облысының орталығы – Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан Көшпелілердің бүкіләлемдік екінші ойындарында көкпаршылар алаңға шықты.
Қазақстан көкпаршылар құрамасы топтық іріктеу турниріндегі бірінші ойынын Қытай командасымен өткізіп, 15:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал Ресейдің Краснояр өлкесінің жасағы АҚШ жамағатын 17:7 етіп тізе бүктірді, деп жазады «Егемен Қазақстан».