Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шымкент жақтың базарында құрттаған балық сатылуда (видео)

431

Сатылымға қойылған ет пен балық өнімдеріне міндетті түрде арнайы анықтама берілуі тиіс. Болмаған жағдайда, базардағы зертханада қайта тексерілуі керек екен. Жалпы, халық тиісті анықтама талап етуге дағдыланса, сатушы да соған ыңғайланатын еді, дейді маман.

– Арнайы кәсіпорындарда өскен балыққа дәрі егіліп, қадағаланады. Ішекұтарттар, паразиттер мен зиянкестер балықта да болады. Ол әрине қауіпті. Саудаға қойылар алдында ет пен балықты базардың лабораториясы тексеру керек. Тасымалдау және сақталу температурасы сақталмаған кезде де балық тез бүлінеді. Бұл істі қадағалауға жергілікті атқарушы билік жауапты, – дейді ОҚО ветиринарлық қадағалау және бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Нұржан Үсенбаев.

Балық та бапты қалайды. Құрттаған балықтың адам азғасына қауіптілігі айтпаса да түсінікті. Ішек құрты бар балықты шикідей немесе шала пісірілген күйінде жесе, адам описторхоз ауруына шалдығады екен. Балық етімен асқазанға түскен құрттар адамның бауырына, өт қабына және ұйқы безіне еніп, өсе бастайды. Олар адам ағзасында 20 жыл­дай тіршілік етеді, дейді мамандар. Описторхистер бауырдың өт жолдарын зақымдап, қабындырады. Осы аурумен елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам емделуден өтеді екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз