Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кәрістерді иттің етін жемеуге үйрету басталды

111

Қала билігі мен ветеринарлар қауымдастығы осындай келісімге келіпті. Енді алдағы аптадан бастап ит-қоралар мен итті бордақылайтын жерлер жабыла бастайды. 2017 жылдың мамыр айында дейін бұл қалада ит соятын ешбір орын қалмауы тиіс екен. Қазір бұл базарда 22 дилер иттің етін сатады екен.

Ит етін сатудан бас тартқан саудагерлерге билік қаржылай көмек көрсетіп, бизнестің жаңа бағыттарына ауысуына көмектеспек.

Атақты Moran базары 1960-шы жылдары ашылған. Бұл жерде жылына 80 мың тірі мен сойылған ит сатылады. Оңтүстік Корея халқы жейтін ит етінің үштен бірі осы базардан алынады екен. Айтпақшы, саудагерлер тұтынушылардың таңдаған итін көзінше сойып та бере алады.

Оңтүстік Кореядағы ит базары. Фото: Ben Weller/ZUMAPRESS.com/ Global Look

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз