Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Кәрім Мәсімов қай жерде болса да президентке деген адалдығын сақтайды — саясаттанушы

101

12549091_939190789464094_9174807470252656907_n-e1473334868205

Сұлтанбек Сұлтанғалиев

— Негізі, Кәірім Мәсімовты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына тағайындау күтпеген жағдай болды. Алайда біз екі нәрсені назарға алуымыз керек.

Біріншісі: Кәрім Қажымқанұлы қоғамымызда орын алып жатқан үдерістерден өте жақсы хабардар.Екіншісі: оның президентке деген сарқылмас адалдығы және Елбасының оған деген сенімі.

Міне, осы жәйттерді ескерсек, Кәрім Мәсімовтың ҰҚК басшылығына тағайындалуы қисынды әрі негізді шешім. Менің ойымша,

Кәрім Мәсімов өз лауазымынан ішкі элиталық текетіресте қандай да жеңіліске ұшырағаннан кейін кетті деп ойламаймын, жоқ, ол орнын өзінің қалауы бойынша босатып, мемлекет басшысымен бұрынғы сенімді қарым-қатынасын сақтап қалды.

ҰҚК-ның жаңа басшысы алдында қандай міндеттер тұр? Әлбетте, бірінші кезекте діни экстремизмге қарсы күрестің тұратыны анық. Арнайы қызметтің басшылығы тиісті бастамаларды жариялап та қойды. Міне, соларды жүзеге асыру Кәрім Мәсімовтың иығына артылмақшы.

Ал қоғамның саяси тұрмысына келетін болсақ, „тұсау с алу, жаппай бақылауға алу, мойынға қамыт кигізу„ саясаты жалғасын таппақ. Бұған әлеуметтік наразылықтардың артуы мен оларды сыртқы (немесе ішкі) күштердің елде саяси тұрақсыздық орнату мақсатында пайдалануға талпыну қаупі себеп болуда.

Дереккөз: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз