Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Көлік комитеті 2 миллиард теңгені қайда шашты?

Ал «Жолаушылар тасымалы»  компаниясы билет бағасын қымбаттатпау үшін берілетін субсидияны вагон сатып алуға және қызметкерлердің іссапарына жұмсаған. Бұл  аздай, компанияның шығыны бір жылда 9 есеге бір-ақ өскен.

Көлік комитетіндегілер қазына қаржысын есептеуді, үнемдеу мен  жоспарлауды  мүлдем білмейді екен. Шенеуніктер жыл сайын миллиардтаған теңгені бюджеттен бөлдіріп, кейін көзсіз пайдалануға кіріседі.

Мәселен, құжат бойынша Жайық өзенінің түбіне батып кеткен 20 кемені судан  алып шығу үшін әрқайсысына 330 миллион теңге жұмсалған. Бірақ қыруар қаржының нақты неге кеткенін ешкім түсіндіре алмады.

Қозыкөрпеш Жаңбыршин, Есеп комитетінің төрағасы:

– Шығынды алдын ала есептеп, оның әдісін жасап алмай  ақшаны қалай пайдаланасыздар? Қазына қаржысын оңды-солды шашқаннан басқаны білмейсіздер. Менің сізге кеңесім, Көлік комитетіне білікті заңгер, қаржыгер керек. Әйтпесе, мінберде тұрып дәл осылай қызаруға тура келеді. 

Бұл аздай, Көлік комитетіндегілер мүлдем орындалмаған, қағаз бетінде жоспар күйінде қалған жұмыстар  үшін де миллиондар жұмсалды деп,  жалған есеп берген. Мәселен, Орал-Каспий бассейнін тазарту шаралары бірнеше кезеңге бөлінген екен. Алайда жылдық жоспар жүзеге аспағанына қарамастан, шенеуніктер ақшаны талан-таражға салған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз