Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көкшетауда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген адам ұсталды

1-қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне терроризм туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіp ер адам абоненттік нөмірден қоңырау шалған. Бұл мәліметтер Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне жіберілді.

“Жедел-тергеу тобы бірден оқиға орнына барды. Ғимаратты тексеру кезінде қауіпті немесе жарылғыш заттар табылған жоқ. Адамдар эвакуацияланған жоқ”, – деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Кейінірек полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы Сарыбұлақ ауылының осыған дейін сотты болмаған 26 жастағы тұрғынын ұстады. Айта кетейік, ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, ер адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз