„Жалған лаңкес„ телефон соққан кезде мас болыпты.Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келтірілген мәлімет бойынша, тамыздың 24 күні қалалық ішкі істер органдарына белгісіз бір адам хабарласып, «Достық» қонақүйіне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.
«Аталған қонақ үйге дереу жеткен құқыққорғау органдары мен құтқару қызметінің қызметкерлері және кинологтар иісшіл итпен ғимараттың іші-сыртын тінтіп шығып, жарылғыш затты таппады. Кейін араға бір сағат салып, 24 жастағы «жалған террорист» қолға түсті. Ол өзінің әрекетін мастықпен түсіндірді. Қазіргі кезде, жұртты дүрліктірген «жалған террорист» уақытша ұстау изольяторына тоғытылып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.