Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Көкшетауда қайырымдылық аукционынан түскен ақша үш науқас балаға берілді

112

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық аукционынан түскен қаражат ауыр науқасқа шалдыққан балалардың емделуіне жұмсалмақ. Ералы Жұмабек, Әлиасқар Әміржанов және Жанель Бейсенова сияқты балалары ауыр науқасқа шалдыққан жандары жаралы ата-аналар үшін мұндай қайырымдылық шарасының мәні зор.

Аукцион барысында облыс орталығында балалар көркемсурет мектебінің, дарынды балаларға арналған оқыту-әдістемелік орталығының, колледждердің оқушыларының шығармашылық жұмыстары аукционға қойылып, сатылды. Бұл орайда, ең көп шығармашылық жұмыстарды сатып алған «Алтынтау-Көкшетау» акционерлік қоғамы болды. Сол сияқты облыстық басқармалардың мамандары да аукционға қойылған балалардың шығармаларын сатып алды.

Аталған шара соңында 1 201 575 теңге ақша жиналып, үш баланың ата-анасына бөлініп берілді.

«Жүректен жүрекке» аукционының соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қатысушыларға ақ алғысын білдірді. Әлі де жоғарыда аталған балалардың шотына аудандардан, түрлі мекемелерден қаражат түседі деп күтілуде.

Еске сала кетейік, былтырғы жылы ұйымдастырылған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясында 3 жарым миллионнан теңгедей қаржы жиналған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз