Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көкшетауда 5-6 жыл бұрын орын алған атышулы екі қылмыстың беті ашылды

177

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетсек, 2009 жылдың 17 қыркүйегінде Көкшетау қаласындағы «Сұнқар» аңшылық дүкенінің аумағына белгісіз бірнеше адам кіріп, терезе арқылы карабин, винтовка, пневматикалық пистолет, оқ-дәрі тәрізді бірнеше қару түрлерін қолды қылған болатын. Сол кезде, аталған қылмысқа байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 255-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Кейін араға тура бір жыл салып 2010 жылдың тамызында Көкшетау қаласындағы лимонад цехының екі күзетшісі өлтірілді. Онда күдіктілер «автоқалашық» шағын ауданында орналасқан лимонад цехының аумағына кіріп, екі күзетшіні атып өлтіріп, 600 мың теңге ақшаны қолды қылады.

Сараптама кезінде күзетшілердің «Сұнқар» аңшылық дүкенінен ұрланған қарудан атып өлтірілгені анықталды. Аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлімі бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қоғамның наразылығын тудырған екі қылмыстың беті 5-6 жыл өткен соң ғана ашылып отыр.

Биыл мамыр айында облыстық ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері белгісіз қарудан жасырын оқ атқан күдіктілерді қолға түсіреді. Күдіктілерді ұстауда олар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті. Осыған байланысты олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін тексере келгенде, күдіктілердің 2009 және 2010 жылдары орын алған қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді.

Қазіргі кезде 31 және 32 жастағы үш күдікті ұсталып, олар кінәсін мойындап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз