Менi 21 жасымда ауылдың баласы алып қашты. Үйдегiлер барған жерiңде қал деген соң қалдым.
Өзім қаланың қызы болған соң ауылға үйрену оңай болмады,”уақыт емшi” дейдi ғой бәрiнеде үйрендiк,таңертең 5-те тұрып сиыр сауу,қазан-ошақ бәрi менің мойнымда болды,сол шаңырақтың жалғыз келiнi болдым себебi жолдасым жалғыз ұлдары. 1 жылдан кейiн қызыма жүктi болдым. Қызымды кесарьмен босанған едiм,ота кезiнде жатырыма қатты зақым келiп, алып тастапты. Қызым айнымаған өзім. Сол кездерi қатты қиналдым ендi сәби туа алмайтыныма жолдасым,енем барынша менi жұбатты. Қызым 2 жасқа толған соң қалаға көшіп келдiк.
Жолдасымның тоқалы барлық iсi үшiн жазасын алды,сондада қоймады жолдасым екеумiздің арамызға ол от салғысы келетiн себебi жолдасым менi оған қарағанда қатты жақсы көрiп, сыйлайтын ол осыны көре алмайтын. Бiрақ онысынан түк шықпайтын. Уақыт өте келе ол әйел шектен шыға бастады. Мен жолдасыма қызымды алып бөлек шығатынымды айттым себебi күнде ана әйелмен ұрыс болатын мен жолдасыма осының бәрi қызыма керi әсер етiп жатқанын,әрi қатты шаршағанымды айтып бөлек шықтым. Сол кезден бастап барлығы дұрыстала бастады тұйық қызым бұрынғыдай еркелеп,мiнезiде ашыла бастады. Әр демалыс күндерi жолдасым бар уақытын бiзге арнайтын. Жолдасым бар жағдайымызды жасады үй,машина барлығын әпердi. Бәрiне Аллаға шүкір әрине.
Қазiр мен 39 жастамын,қызым 16 жаста. Қызым өте әдемi,ақылды,тәрбиелi қыз болып өстi.Астана қаласында тұрамыз. Келесi жылы қызым құдай қаласа мектебiн бiтiредi. Жолдасым тоқалы екеуiнiң 2 ұлы,1 қыздары бар. Қызым бауырларымен жақсы араласады бiрақ жолдасымның тоқалы қызымды ұнатпайды. Кейде әдейi aнау әйел жолдасымен қызымның арасына от салады. Қызымды әкесiне жаман атты қылып көрсеткiсi келедi. Қызым әкесiмен ұрысқан күндерi жылап келедi. Aнау әйелге қатты жыным келедi. Жасаған жақсылықты түк түсiнбейдi. Жолдасым негiзi менiмен тұрам деген бiрақ менiң балам әкесiнен бөлек тұрсада сол әйелдiң балалары әкесiмен тұрсын дедiм жолдасымды сол әйелмен тұруға көндiрдiм,ол әйел ешбiр жақсылықты түсiнбейдi. Ол әйелде бiреудiң обалына қалып бақытты бола қоймас. Жолдасыма ол әйелге сенбе десемде болар емес ол өзгерген дейдi өзгерген ештемесiн көрмедiм. Байғұс қызым сол әйелдiң кесiрiнен негiciз әкесiнен ұрыс естейдi. Аралары күнен күнге алыстап барады бұрынғы әкеci мен қызы сияқты емес. Оқу жылы басталды қызым әкеciмен ұрысып қалғанына қатты күйзелiп жүр әрi мектеп бiтiредi осының бәрi сабағына керi әсер етеме деп қорқам әкесi екеуiн қалай татуластырсам екен.Эх өмiр ай. Мен тек сiздермен iшiме сыймай жүрген сырымен бөлiскiм келдi.Қызымның жабырқаулы жүзін көрiп жүрегiм ауырып жүр.
Аноним
Дереккөз: Алаш айнасы