Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Әйтеуір айналып келгенде әйел кінәлі…

Бірде келіншек күйеуінің әрекеттеріне ыза болып, өзі де жұмысқа шықпақшы болды. Балаларын балабақшаға берудің ыңғайы болмаған соң таныстары арқылы үйге бала күтушісін алды. Бала күтушісі күні кеше мектеп бітірген жас қыз екен. Соған екі баласын сеніп тапсырып, жұмысқа шыққан келіншек өзіне көңіл бөліп, бет-әлпетін, шашын ретке келтірді, тіпті жұмыстан кейін фитнеске де уақыт табуға тырысты.

Күйеуі әйелінің өзі үшін тырысып жүргенін елеген де жоқ. Қайта балаларды тастап, жұмысқа шыққанын жақтырмай қалды.

Бала күтуші жас қыз балаға өз анасындай бола алсын ба, балалардың мазасы кетті, күтушіден таяқ жейтін. Әкелері мен аналары өз жұмыстарымен әуре.

Бірде келіншек мазасы болмаған соң түскі уақытта үйіне келіп, күйеуі мен бала күтушісінің үстінен түседі. Осыдан кейін өзі шытынап тұрған отбасының быт-шыты шықты. Сондағы күйеуінің айтқаны: “Жұмысқа шығып нең бар, үйге бала күтушісін неге аласың, өзің кінәлісің, балаларды қарап үйде отырмадың ба?” депті. Әйтеуір айналып келгенде әйел кінәлі…

Айнұр Сембаева,

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз