Грузияның шығысында Кахетия аймағындағы Гурджаанск ауданында үйірлі қасқыр бір отар қойға шапты. Мал иесінің айтуынша, келген шығын 4,5 мың долларды құрайды.
Елді мекен тұрғындары жыртқыштарды ату үшін аңшылар тобын жасақтауды талап етуде.
Қасқырлар 5 қыркүйекте жергілікті тұрғын Гайоз Чалаташвили таңертеңгілік малды өріске шығарған кезде шапқан, деп хабарлады «Рустави 2» телеарнасы. Фермердің сөзіне қарағанда, өзі зорға дегенде қашып құтылған.
Чалаташвили, “жыртқыштар 61 қойды тамақтап кетті”, деп мәлімдеді. Келген шығын 10 мың лариді ($ 4360) құрап отыр.