Атышулы әнші Меруерт Түсіпбаева балалар үйінен шекесі торсықтай ұл бала асырап алмақ.
Ол балалар үйіне барыпты. Оған Меруерттің әлеуметтік желіге жүктеген мына бір суреті дәлел.
«Анасы тастап кеткен осы балапанды асырап алуға ниетім бар. Отбасыма тағы бір адам қосылмақ», – деп жазыпты әнші өзінің желідегі парақшасында.
Құптарлық іс. Түсіпбаеваның ісі өзге әншілерге де үлгі болса дейміз.