Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әй, Әкежан, бәрін бүлдірдің! Ақорданың сенімінен шыққан серкелердің тізімі жарияланды

200

Төмендегі тізімге қарап отырып, ойланасың. Біз “Азия жолбарысы” бола алдық па? Бір жылдары есіңізде ме, Қайрат Келімбетов деген азамат “Қазақстан Сингапурды қуып жетті” деп еді ғой? Әбден күлген едік.

«Коррупцияны жеңгің келе ме? Ендеше дос-жараның мен туған-туысыңды түрмеге тоғытуға дайын бол!», – дейді осы елдің көсемі атақты Ли Куан Ю.

Ли Куан Ю «билік – ақша – коррупция» атты жүйені бесігінде тұншықтырған тұлғаның бірі.

Әрине, бұл тізімнің арасында халық жақсы көретін азаматтар бар. Сондықтан біреуді жақсы, біреуді жаман деп бөле-жармайық. Дегенмен, осы уақытқа дейін биліктің біраз өкілі қылмыс үстінде ұсталғанын әрі халықтың алдында қарабет болғанын жоққа шығара алмаймыз.

Төмендегі тізімге қарап отырып, ойланасың. Қазақтың бір қасиеті бар. Ол жақсы да, жаман да болуы мүмкін. Біздің жанымыз ашиды. Кінәсіз болса бір жөн, кінәліні де аяймыз.

Күні кеше Герольд Бельгердің сұхбатын жарияладық сайтымызда. “Біздің үлкен кемшілігіміз анау шенеуніктерді өте жоғары көтереміз. Ол әкім екен, бастық екен деп, олардың алдында дірілдеп-қалшылдап жұмсақ сөйлеп, биязы бола қаламыз” деп кеткен екен марқұм. Анығы, “ол да адам, оның да қулық-сұмдығы жетіп артылады” дегісі келген Бельгер.

Енді Тәуелсіздіктің елең-алаңынан күні кешеге дейін әртүрлі жағдаймен, әртүрлі айыптаулармен қудалауларға ұшыраған және қамалған билік өкілдерінің тізімімен таныс болыңыз. Сіз оларды білесіз:

Әкежан Қажыгелдин – Премьер-министр

Серік Ахметов – Премьер-министр

Талғат Ермегияев –  Спорт және туризм министрі, кейіннен ЭКСПО төрағасы 

Жақсыбек Күлекеев – Экономика және сауда министрі, Білім және ғылым министрі 

Жақсылық Досқалиев – Денсаулық сақтау министрі

Серік Бүркітбаев – Транспорт және коммуникация министрі,  “ҚазМунайГаз” президенті 

Серік Баймағанбетов – Ішкі істер министрі,  Қаржы министрлігі жанындағы Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

Нұрлан Ысқақов – Қоршаған ортаны қорғау министрі

Әлжан Бралиев – Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары  

Зейнолла Сәрсембаев – Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары  

Багдат Майкеев – Қорғаныс министрінің орынбасары 

Қуандық Бишімбаев – Ұлттық экономика министрі 

Бағлан Майлыбаев – Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары  

Мұхтар Жәкішев –  “Қазатомпром” ұлттық компаниясының президенті 

Бақыт Жақсыбаев –  “Бәйтерек Development” АҚ басқарма төрағасы 

Мұхтар Әбіләзов – Энергетики министрі, Индустрии және сауда министрі 

Нартай Дүтбаев –  ҰҚК төрағасы 

Ильяс Бақтыбаев – Бас прокурордың бірінші орынбасары,  Конституциялық кеңестің мүшесі 

Абылай Сахалин – Төтенше жағдайлар бойынша вице-министрі

Ғалымжан Жақиянов – Павлодар облысының әкімі 

Ерлан Арын – Павлодар облысының әкімі

Виктор Храпунов – Төтенше жағдай министрі,  Энергетика және көмір өндірісі министрі, Энергетика және табиғи ресурстар министрі, ШҚО әкімі, Алматы әкімі

Мүсілім Өмірәлиев  – Ауыл шаруашылығы вице-министрі 

Сақташ Хасенов –  Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы  

Өмірзақ Өзбеков – Жер ресурстарын бақылау бойынша агенттік төрағасы 

Бергей Рысқалиев – Атырау облысының әкімі 

Аманжан Рысқалиев –  Парламент депутаты 

Бауыржан Әбдішев – Қарағанды облысының әкімі

Ахметбек Ахметжанов – Қостанай қаласының әкімі

Мақсұт Қалиев – Қостанай қаласы әкімінің орынбасары 

Мейрам Смағұлов – Қарағанды қаласының әкімі 

Руслан Ерденаев –  “Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ басқарма төрағасы 

Мұрат Өкшебаев – Алматы метросының директоры 

Анар Мешімбаева – Статистика агенттігінің төрағасы

Серік Тұржанов – Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы

Мұрат Оспанов –  Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы  

Әмірхан Аманбаев – Алматы Қаржы полициясының басшысы

P.S. Айтпақшы бұл тізім мұнымен бітпейді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз