Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Иығыма пышақ сұқты…”. Жәния Әубәкіроваға қатысты сұмдық мәлімет жарияланды

135

 

https://kaz.365info.kz/beri-kel-dejm-tarazda-zhymys-ornynda-basshysy-orynbasaryn-sabady-video-319394

Бұл мәліметтерді проректордың шақыруымен ЖОО-ны тексерген мемлекеттік аудиторлар келтірген.

“Ақылы қызметтің ақшасы қайда кетіп жатқанын түсінбедім. Консерватория бюджеттен ақша алып қана қоймай, өздігінен де табыс табады. Қағаз жүзінде ақша бар, ал шотта жоқ. Оның барлығы қашан басталғанын білмеймін, бірақ соңғы үш жылда консерватория ақшаны қолма-қол алып келген.

Алайда консерваторияның тіпті, кассасы жоқ. Бұл нәрсеге көзім жеткен соң бухгалтер Ғалия Жұмағаловамен арада келіспеушіліктер басталды.

Ол ұрсып, шағым жазып, тіпті маған тап берді”, – дейді Ботакөз Көпбаева.

Осы оқиғадан кейін белгісіз біреулер проректорге қастандық жасаған.

“7 тамыз күні жұмыста едім. Күзет қызметіне де жауап бергендіктен, консерватория маңында бөтен екі адамның жүргенін байқадым. Олардың не істеп жүргенін сұрадым. Бірі көлік күтіп тұрғанын айтса, екіншісі өзіме дікеңдей бастады.

Бірдеңеден күдіктеніп, қызмет көлігімен танысымды алып, үйіме кеттім. Үйге жеткен соң, танысым итпен серуендеуге кетті, ал мен аулада отыра кеттім.

Темекі шегіп бастағаным сол еді, күндіз көрген екі жігіт келіп, мені ұра бастады. Басымнан, денемнен, барлық жерден соққы жұмсалды. Тіпті, иығыма пышақ сұғып алды. Әрине, мен айқайлай бастаған соң, көршілер далаға шықты. Сол сәтте әлгі жігіттер қашып кетті.

Кейін полиция тергеуге алғанда, бухгалтерден күдіктенімді айттым”, – дейді проректор.

Алайда көп ұзамай, іс жабылған. Себебі тәртіп сақшылары мұны “бұзақылыққа” теңеп, қылмыстық әрекетті таппаған.

Ал даудың басталуына, Көпбаеваның бухгалтерлік есептерде көптеген шикіліктерді анықтауы себеп болған. Мәселен, оқу орны қызметте жоқ адамдардың атына жалақы аударып отырған.

https://kaz.365info.kz/kedentransservis-akh-vitse-prezidenti-khamauga-alyndy-319288

 

Сондай-ақ, бірнеше қызметкердің шотына себепсіз 100 мыңдап, тіпті миллиондап ақша жіберген. Ректор мұны естігенде тыңғылықты тексеру жұмыстарына рұқсатын беріпті.

Сондықтан да Көпбаева соңғы сәтке дейін оның бұл іске қатысы болуы мүмкін емес деп ойлап келген.

“Халық артисін біреулер алдап кетті деп сендім. Сондықтан да оған көмектесуім керек деп ойладым. Алайда артығымен ақша аударылған жандардың ішінде Әубәкірованың екі көмекшісі мен жүргізушісі бар екені анықталғанда, мен жұмыстан шыққым келетінін айттым.

Алайда “бәрі жақсы болады” деп, мені қалуға көндірді. Әрі қарай болған оқиға керіні көрсетті.

Соңғы тексеріс кезінде Жәния Яхиқызы демалыста болатын, ал келген кезде ол мүлдем өзгеріп кетті. Мемлекеттік сатып алу бойынша шу шығарып, мені айыптады.

Ақырында менің қызметімді штаттан жоқ қылуға шешім шығарды. Яғни менен құтылу үшін құрылымды өзгертуге дайын болды. Апта басында менің кабинетімнің құлпы ауысып, компьютерімді тартып алды.

Жұмыстан шығарылғанымды ескертті. Сол сәтте кезекті комиссия консерваториядағы тексеріс жұмыстарын аяқтаған болатын”, – дейді Көпбаева.

Көпбаева Әубәкіроваға қарсы шығу арқылы өз мансабына зиян келтіріп алғанын түсінеді. Алайда бұл ісіне еш өкінбейді. Себебі барлығын студенттер мен ұстаздар үшін жасадым, – дейді ол.

 

https://kaz.365info.kz/zhylkhylap-auzynan-kobigi-agyp-tarazda-psih-tarbieshi-eldin-mazasyn-alyp-zhyr-video-319602

Ал болған даудан кейін оқу орнының ректоры Жәния Әубәкірова қызметінен босатылды.

 

Дерек көз: Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз