Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Иығы шыққан…”. Азия біріншілігінде жеңіске жеткен балуан елді сүйсінтті (видео)

144

Қазақ күресінен 26 тамызда өткен тұңғыш Азия чемпионаты ұлттық спортымыздың шетелге таныла түсуіне тағы бір есікті ашқаны анық. Біріншілікке өз салмағында (66 келіде) чемпион атанбаса да, жартылай финалда жанкештілік танытқан атыраулық жас балуан Нұрболат Ізімғалиевтің батырлығы жалпақ жұртты жалт қаратты.

22 жастағы балуанның бапкері Айбек Серғазиевтің айтуынша, жарақатының кеселінен Нұрболат Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қала жаздаған.

«Нұрболаттың иығы бір жыл бұрын шығып кетіп, Астана қаласында операция жасатқан. Осыдан кейін ол алты ай уақыт демалып, жаттығуды қайта бастаған болатын. Қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында Нұрболаттың иығы бір-ақ шығып кетіп, салынбай қойды.

Төрешілер үш минут уақыт бергеннен кейін балуанымыздың жарыс жолынан шығып қалу қаупі де туды. Медициналық көмек көрсетіп, 2 минут 33 секунд өткенде, яғни бар-жоғы 27 секунд қалған кезде төрт дәрігер мен бір жаттықтырушы Нұрболаттың иығын салып, бауырымыз боз кілемге қайта көтерілді», – дейді бапкері.

Айбек Серғазиевтің айтуынша, Нұрболаттың жарақаты алғашында ет қызуымен аса білінбегенімен, кейін иығы ісіп кеткен екен.

Әлеуметтік желіде жартылай финалдың видеосы тарап, танымал болып кететінін Нұрболаттың өзі күтпепті. Финалда тек қарсыласты қалай ұту керектігін ойлаған.

Бастысы – «балуандық міндетімді атқару» еді дейді жас жігіт.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз