Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко АҚШ-тағы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтты. Плант-Ситиде ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Крейг Льюиспен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Сегіз раундқа жоспарланған кездесуді Дычко екінші раундта аяқтап тастады. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегін өткізіп, он үшінші кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп отыр.