Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сөмкесіне қараймын… “Қыз сындырғыш” жігіт шындығын айтты

520

Бірақ мейлі,

ол ұрғашы, мейлі еркек болса да жасайтын тірліктері біреу: ретін тауып өзіне ұнағанды қойнына алу. Яғни, төсек қатынасына түсу.

Болды. Олардың көздеген мақсаты осы.

Сондай сері жігіт біздің ұжымда да бар. Есімі Шалқар. Түрі, дене бітімі келіскен жігіт. Қыз-келіншектерге «жаным», «қарындасым», «қызым» деген сөздерді қосып сөйлейді.

Иттің тілі өте майда. Ерітіп жібереді. «Аспандағы айды алып беремін» деген сияқты орындалуы қиын уәделерді де үйіп-төгіп бере салады.

«Жылы-жылы сөйлесе жылан іннен шығады» демекші, Шалқар-сері майдалап, тұздықтап сөйлегенде қыз-қырқын біртүрлі болып, «сынып» қалатыны бар. Аздаған ақындығы, аздап ән салатыны және той басқаратын өнері де бар. Қашан көрсең де өңшең өңді қыз-қырқынды жетелеп жүргені. Өзінің аузының салымы бар.
https://kaz.365info.kz/symyraj-khyz-eken-yzhymyzdy-bastykhtyn-ojnasy-baskharady-259615
«Неге екен, кез-келген келіншекті сындыру, жетелеп алып, төсекке жатқызу маған қиын емес. Білмеймін, сендерге қарағанда көріктілеу шығармын, әлде тілім жұмсақ па, әйтеуір бойымда қыз-келіншекті арбап алатын қасиет бар. Қазақ тұрмақ, орыс қыздарының өзі «какой ты красивый, какой ты силный мучина Шалқар» деп өліп-өшіп қалады. Расында, менде қыз-қырқынды арбап тастайтын бір сиқыр бар. Жалпы, жүргіштік те, қызды сындыра білу де өнер. Бұл «өнер» маған туа біткен сияқты. Сынбайтын қыз жоқ, сындыра алмайтын жігіт бар демекші, мен кез-келген «мен» деген қызды ілезде сындырып кете аламын» деп Шалқардың ара-тұра бөсіп қоятыны бар.

Оның хоббиі сол: төсектес болған қыз-қырқынды тізімдеп жүреді.

«Төсектес болған қыз-келіншектердің саны 1700 тақады. Оның мыңғы жуығы орыс, яғни славян қыздары, қалғандары өзіміздің азиаткалар. Былайша айтқанда қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік, қырғыз қыздары. Менің жанымда анау әлемге әйгілі «Дон Жуан» далада қалады. Ол бар жоғы, 150 жуық қыз-қырқынмен әуей болған екен. Ал мен болсам 1700 жуық ұрғашымен жатып үлгердім». Шалқар осылай бөседі.

Бірақ оның айтып отырғаны шындық. Өйткені көзбен көріп жүрміз. Осы жылдың басында ұжымға көрікті бір келіншек келіп қосылды. Шымкент жақтың қызы еді. Түрінде, дене бітімінде мін жоқ. Тәртіпті. Жұмысқа тура келіп, тура кетеді. Ұжымда болып жататын той-томалақтарға қатыспайды. Отбасым, күйеуім деп өліп тұрады. Бәріміз ғашық болып қалғанбыз. Бірақ ол бізге пысқырып та қарамайды. Содан жынымыз келіп, бір күні ұжымдағы жігіттер түстік ішіп отырғанда «күшті болсаң осы келіншекті түсірші. Нағыз сері екеніңді көрейік» дескенбіз.

Шалқар тартынбады.

«Өзім де ойлап жүр едім. Иттің қатыны піскен бауырсақтай тәтті. Иісі бұрқырап тұр. Қанша отбасым, байым бар десе де, оны көктемге дейін түсіремін», деп Шалқар бізге уәде берді.

Содан кейін-ақ әлгі келіншек сол отыратын бөлмеге әлденені сылтау етіп жиі кіретін болды.

Бір күні Шәкең «бетін бері қараттым, бір балағын шешіп қойдым» деп жымың етті. Енді бірде «көлігіммен үйіне жеткізіп салып жүрмін» деп мақтанды. Шынымен, әлгі сылқым келіншектің жұмыс соңында бірнеше мәрте Шалқардың көлігіне отырып жатқанын көзіміз шалды.
https://kaz.365info.kz/auru-khatyndarmen-zhatkhysh-kyjeuimdi-ne-istejmin-bilmejmin-306054
Содан не керек, бір күні жігіттер жиналып, асханада отырғанда Шалқар қалта телефонын ортаға қойып, «мынаны қараңдар» демесі бар ма? Бәріміз телефонға төндік. Не көрдік дейсіз ғой.

Әлгі «байыма, отбасыма адалмын. Ешкімге ешуақытта айырбастамаймын» деген сылқым келіншек оңаша пәтерде Шалқардың құшағында тыр жалаңаш жатыр. Өліп-өшкен сүйіс…

Біртүрлі болып қалдық.

Отбасына шексіз берілген, нағыз идеал болатын келіншек деп жүргеніміз, жәй ғана пенде болып шықты. Бір сәттік ләззаттың қызығына бөгіп, байының көзіне шөп салып, біреудің қойнында жатыр. Бұған не дейсің?

Шалқарға қалай түсіп қалды? Белгісіз. Бәлкім, оның жылы сөзіне, бәлкім көрікті түріне қызықты ма екен? Білмедік. Қалай болса да ол Шалқардың ашынасына айналып шыға келді.

Демек, Шалқарда қыз-қырқынды баудай түсіретін бір қасиет болып тұр ғой?

«Ауызбен айтсам сенбейсіңдер сондықтан ретін тауып телефонға тартып алдым», деп Шалқар мәз.

Не дейік, «нағыз сері екенсің» дедік те қойдық. Тіпті, әлгі келіншекті Шалқардан қызғанып та қалдық. «Бұл не қылған аузының салымы бар жігіт» деп іштей ойлап қойдық.

Шалқар-сері сөйтіп ортамызда шалқып жүріп жатыр.

Бұл жерде айтқым келгені, Шалқар айтқандай «жүргіштік те, қыз-қырқынды баудай түсіріп, өзіңе тарта білу де расында өнер секілді.

Бәлкім сіз жұмыс істейтін ұжымда да осындай «серілер» бар шығар?

Жолдасбек Төреғалитегі
https://kaz.365info.kz/keshir-meni-nuar-dosymny-jeli-z-zil-247750

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз