Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Иттің тамағын жеген…”. Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жас қыз бәрін айтты (видео)

221

https://kaz.365info.kz/tyrsiindi-basyna-ki-altynaj-zhorabaeva-artykh-khylam-dep-tyrtykh-khyldy-video-331793

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Уходите. Уходите от меня. Уходите. Милицию вызыву… бабуля перестань».  

Бұл отбасы әрине, бізді құшақ жая қарсы ала қоймады. Ащы суға тойып алған оқушы қыздың әжесі үйіне кіргізбек түгілі, жан-жақтан қаумалаған иттердің жібін ағытып жіберді. Адам санына қарағанда ит пен құс көп. Маскүнемдердің бәрі осында жиналған. Құдды қоқыс полигонына ұқсайды. Қақпадан шыққан оқушы мұғалімдерін көріп жылап жіберді. Анам ұрып соқпайды. Тек бөтен біреулер мені сатпақ болды, дейді.

«Меня вообще хотели продать. Это не по правилом. Кто? Не знаю три человека. Мама узнала. Диля прекрати. Ты за свой язык попадаешь» – дейді 6-сынып оқушысы.

https://kaz.365info.kz/yshy-eki-zhakhkha-kharap-tyr-zhelige-suret-salgan-bajzakhovany-zhigitter-mazakh-khyldy-foto-331809

Шындығын айта алмай, әбден дірілдеген немересінің аузын жауып, үйіне қуып әлек болған әжесі бірге тұрады екен. Ауруханадан шешесі де жартылай мас күйі келді. Өгей әкесі де оңбапты. Екі күннің бірінде ішеді. Учаскелік полицейлер тізімде тұрғанын айтады. Әйтеуір, жан-жақтан қоймаған соң, ақыры үйіне баса көктеп кіруге тура келді. Қақпадан кіре бергенімізде-ақ мұрынды жауып, аяқты аңдап бастық. 

«Занимаюсь учусь. Вот учебники. Да сплю тут. С кем? Одна. Мне мама кровать купила. Теперь одна сплю». 

Ауладағы иттер де үй ішінде емін-еркін кезіп жүр. Тура шыбынның ұясындай, ұшатын жәндіктің түр-түрі осында. Тамақ үстелінде темекі тұқылы толып жатыр. Күйе басқан қазан ошақ, көгерген заттармен араласып тұр. Жуынатын бөлме де жоқ. Бұл көрсеткен екі бөлмесінің сиқы. Шешесі жұмыстан қуылған. Көрінгеннің итін бағып күн көреді. Баланың мектепке сасып баратыны содан болар. 

– От вас перегар щас.

– Ну вчера у мужа день рождения был. Собаками занимаюсь. За сабок деньги получаю, – деді анасы Вероника. 

Отбасы бұл баспанада отыз жылдан бері тұрады. Қаланың қақ ортасында орналасқан. Он екі жыл бұрын айналасындағы барлық үйлер сүріліп, Радович әулетіне келгенде құрылыс тоқтап қалыпты. Баспананың төрт құбыласында терең қазылған төрт ор бар. Құлағалы тұрған үйді жалғыз темір тіреп тұр.  Сынып жетекшісі мен учаскелік полицейлер ай сайын тексеріп тұрғанымен бірде бірі білім бөліміне жеткізбеген бе, әйтеуір мемлекеттік қорғаушылар бізден естіп, ұшып жетті. 

«Жоқ біз білген жоқпыз. Біз бәрін бірдей біле бермейміз. Бұл жер санитарлық нормаға сай емес. Қыздың денсаулығына зиян келтіреді. Комиссия арқылы қызды алып кететін шығармыз. Біздің қадағалауымызда болады» – дейді Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Николай Хан. 

Білім бөліміндегілер отбасына тек үш күн ғана уақыт берді. Дүйсенбі күні тексеріске келгенінде үйдегі иттер мен айналасындағы қаптаған сүйектер түгелімен жоғалсын деді. Жөндеу жұмысы болмаса да, ең құрмаса шыбындарды кетіріп, тазалық сақтауын талап етті. Егер ол да орындалмаса, 12 жастағы қыз мемлекет қамқорына өтуі мүмкін.

https://kaz.365info.kz/bes-ajlygynda-tastap-ketti-moldir-auelbekova-kyjeuimen-azhyraskhanyn-mojyndady-video-331831

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз