Әлеуметтік мәселеге өзінің ойын білдіріп отыратын блогер Айгүл Орынбек тағы да желіні шулатты.
Нысанаға бұл жолы итальяндық әнші Сон Паскаль ілінді.
Жақында “The Эфир” бағдарламасына берген сұқбатында қазақ қыздары көлік пен ақша құмар деп айтқан еді.
Мұнысына блогер былай деп жауап қатты:
“Мұндағы қыздар қымбат көлігіңе, қалтаңдағы ақшаға назар аударады екен. Олар үшін аталған дүниелер өмірдің ләззаты сияқты. Мен бірақатар «ағашкалардың» әйелдері бақытсыз екенін көріп жүрмін. Мен олардың арасындағы секс дұрыс емес деп ойлаймын” депті, Италиядан келген бомж!” – деп жазады А.Орынбек.
“Қашанғы қазақ қыздарының ар-намысын жерге таптатып қарап отырамыз? Сонда Паскаль барлық ағашкалардың əйелімен жатып көріп пе? Неге айдаладан келген келімсек біздің қыздар жайлы əңгіме айтады? Секс керек деп ойлаймын депті. Оның ойы кімге керек, айтыңдаршы? Кезінде Борат қазақ қыздары жайлы аузына келгенін құсып кеткен еді? Енді Италиядан шыққан бомждың сөйлегені қалып еді?
Бүкіл қазақ қыздарының атына əңгіме айтатындай кім бұған рұқсат берді?
Елден қуылсын! Елге кіргізілмейтін болсын!
Бүкіл əлем білсін не үшін елден шеттетілгені жайлы.
Сол кезде басқалар біздің қыздарға жақ ашпақ түгілі, қарап демалмайды да!” – дейді А.Орынбек.
Ал сіздің бұл жағдайға ойыңыз қандай?