Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Италияда жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа төтенше жағдай енгізілді

Сәрсенбіге қараған түні Италияның орталық бөлігінде магнитудасы 6,2 балл болатын қатты жер сілкінісі болды. эпицентр Аматриче (Умбрия) қаласында болған. Кемінде 250 адам қайтыс болды. 215 адам құтқарылды, 365-і жараланды. Қазіргі кезде үйінділердің астында қалып қойғандар мен із-түссіз жоғалып кеткендердің нақты санын анықтау мүмкін емес. Мыңдаған адам баспанасыз қалған. Олар жазғы лагерлерде, автокөліктерде түнеп келеді.

Құтқару жұмыстарына 6 мың адам тартылған. Олар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Жер сілкінісінен 293 мәдени-тарихи нысан қирады деп мәлімдеді Италияның мәдениет және туризм министрі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз