Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

ІТ-мамандар балаларды кибершабуылдан қорғаудың амалдарын айтып берді

Мұндайда ең қарапайым тәсіл – Megaline және IDnet-тегі жеке кабинетке „Ата-ана бақылауы„ деген қызметті қостыру. Мұндайда зиянды сайттарды интернет-провайдер өздігінен анықтап, ескертіп отырады. Ата-ана тек бұл қызмет үшін ай сайын ақысын төлеп отырса болғаны.

Немесе тағы бір тәсіл. Windows операциялық жүйесінің мүмкіндігін пайдалану.

“Бұл бағдарламада интернетке шектеулі уақыт беретін әкімшінің есебі мен баланың есеп жазбасын құрсаңыз болғаны. Әкімшінің есебіне пароль қойылады. Ата-ана баласы компьютерге қаншаға дейін отыра алатын уақытты белгілейді. Көшірілетін және қолданылатын бағдарламаларды да шектейді”, – дейді Қостанай университетінің аға оқытушысы Полина Литвиенко.

Тағы бір тәсіл бар. Вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдануға болады. Kaspersky Internet Security, мысалы, ол балаға енуге тыйым салынған сайттардың мекен-жайын жазып бере алады.

„Кибермама„ деген арнайы бағдарлама бар. Ол ұялы телефондарға да қолданыла береді. Ол арада тыйым салатын сайттардың тізімін енгізіп қойсаңыз болғаны.

Алматыда ерік танытқан адамдар “Синий киттің” 130 тобын жапқызған. Бұл қозғалыстың жетекшісі, күмәнді сайтты үйде отырып жаптыруға болатынын айтады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сайтында интернет-ресурстарға шағымдана алатын арнайы бөлім бар. Сол араға шағымыңызды қалдырсаңыз болғаны, ол сайттың ізіне құзырлы орган түседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз