Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 2017 жылдан бастап радикалды исламшылдармен күресті күшейтуге ниетті. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін Австрияның сыртқы істер министрі Себастьян Курц исламшылдарға қарсы әскери іс-әрекеттер жеткіліксіз деді.
Курцтың сөздерінше, ЕҚЫҰ-ға кіретін 57 мемлекет терроризммен күрес тәжірибесін бөлісу керек. Австрия СІМ басшысы ең бастысы Батыс пен Шығыс елдерінің бір-бірлеріне деген сенімі қажет.
Себастьян Курцтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Сирия және Иракта радикалды исламшылдар жағында 10 мың адам соғысып жүр. Олардың елдеріне оралуы өте қауіпті деп, жергілікті полиция қызметін күшейту керек деп есептейді Курц.
2016 жылы Еуропаның ірі қалаларында терактілер орын алды, жүздеген адам құрбан болды. Бұл шабуылдардың бәрін “Ислам мемлекеті” ұйымы жауапкершілігіне алды.