Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ислам және кесілген бас — ресейлік БАҚ-тың «қара маркетингі»

— Осындай тақырыптар мен мақалалар оқырмандарды тартуға бағытталған және олар, әлбетте, газеттің сатылуын арттырады, оның оқылымын арттырады, бірақ сонымен қатар олар исламофобияға себеп болып қана қоймай, сонымен қатар, жексұрын қылықтарға барғандардың салдарынан ислам туралы бұрмаланған пікір қалыптастырады.

Соңғы уақытта көптеген істерге діни сипат беру сәнге айналып барады. Күнделікті өмірде адамның діннен бойын алыс ұстайтыны, өзі сияқты мыңдаған адамдардан ешқандай ерекшеленбейтіні де маңызды емес. Бірақ ол қандай да бір жаман іске барса болды, оның барлық әрекеттерін оның тек этникалық тегі жағынан ғана қатысы бар діни тұрғыдан қарай бастайды.

Сөйтіп, біз оған неше түрлі айыптар тағып, түрлі жағымсыз атақтар бәріп тастаймыз. Міне, қазір ғаламторда да, телеарналарда да, басылымдардың беттерінде де түрлі атышулы тақырыптарды көріп жүреміз: «Мұсылман келіншек…. Жасады…», «Ислам содырлары басып алды (өлтірді, атып тастады)»…

Бір немесе екі адамның қылығы немесе сөзі арқылы әлемдегі екі миллиардтан астам мұсылмандар қауымдастығына баға беру – исламға және жалпы мұсылмандарға қарсы бағытталған жауыздық

Ислам бүкіл адамзатты құтқару үшін бір бейкүнә адамды да өлтіруге рұқсат бермейді не. Өйткені бейкүнә бір адамды өлтіру планетаның бүкіл халқын қырумен пара пар.

Сондай-ақ исламның балаларға өзінікіне де, бөтендеріне де үлкен ілтипатпен қарайтынын атап өткен жөн, оларды бейкүнә періштеге теңейді. Сондықтан да болар, бұрын өз өмірін Алланың жолына бағыштағандар бейкүнә сәбидің батасын алушы еді. Өйткені сәбидің ойы пәк, оның дауасын Жаратқан бірден қабылдайды Мәселен, хазірет Омар далада ойнап жүрген ер баладан дауа жасауды өтінеді. Ал өзініәң ісіне таң қалған серіктері оның әрекетінің себебін сұрағанда ол: «Бүлдіршін бейкүнә, оның жалынышы түрлі кедергілерден өтіп, Жаратқанның құлағына жетеді», – депті.

Ол аз болса,

исламда сәбиді «Ұжмақтың көбелегі» деп атайды. Жаратқан балаларды өмірдің сәні болу үшін жаратқан. «Балалар – пендешілік өмірдің сәні…» (аль-Кахф, 46)

Бүгінгі БАҚ қылмысқа құштарлануда

7xff3Zy173-e1456984367742

Мұхамед Саляхетдинов.

— Қылмысты қандай да бір конфессияның діни және рухани аспектілерімен және құндылықтарымен араластыруға болмайды (өкінішке қарай, парасаттылығы төмен кейбір журналистер мен БАҚ салдарынан ислам туралы бұрмалаған пікір қалыптасуда), — деп санайды «Собрание» Қоғамдық бірлестіктер ассоциациясының басшысы Мұхамед Саляхетдинов. — Препараттардың салдарынан бүлдіршінді өлтірген келіншектің психикалық ауытқулардан зардап шегетіні көзге ұрып тұр. Бірақ көптеген ресейлік БАҚ осы адам шошырлық қылмысты исламға қарсы бағытталған дүрбелең үшін пайдаланып, исламның таза рухани бастауын ластауға тырысты. Мен бейнежазбадан келіншектің «Аллах Акбар» деген айғайын ести алмадым, бірақ БАҚ әйел солай деп айқайлады деп сендіреді.

Тіпті, солай болғанда да бұл оның діндарлығының салдары емес.

Бұл адамдарға осындай жүгенсіздіктердің, қылмыстардың және бас кесулердің барлығы міндетті түрде «Аллах Акбар!» деген айғаймен жүзеге асырылады деп сендіретін БАҚ-тың «табысты» қызметінің салдары.

Десек те бұл әрекеттердің барлығының әлемді Жаратушыға еш қатысы жоқ. Жаратушы және кесілген бас – екі бөлек дүние. Бірақ бүгін қылмысты дінге байлауға тырысып, қылмысқа құштарлық танытқан БАҚ-тың арқасында осындай ахуал қалыптасуда.

Исламның постулаттары Фемида заңдарымен үндес

IMG_1005-e1456984200867

Балғабек Мырзаев

— Бұл кешірім жоқ үлкен күнә және қылмыс, — деп растайды дін ілімдерінің докторы, теолог Балғабек Мырзаев. — Мұндай оқиғаларадан діни астар іздеудің қажеті жоқ. Дәстүрлі діндердің ешқайсысы еш уақытта жауыздыққа және озбырлыққа үйретпейді, олар жақсылық жасап, ізгілікке, бейбітшілік идеяларын насихаттайды.

Әттең, біз тағы да оқырмандар мен көрермендерді тарту үшін лас технологиялар пайдаланылып жатқанын көріп отырмыз

Басылымдардағы ақпараттар ағыны «хиджаб киген қара әйел», «кісі өлтіруші мұсылман әйел» туралы үрей тудыратын ақпараттарға толып кетті. Бұған қылмыскер әйелді құрықтау кезінде оның қара киімде болуы және өзін өзі жаратыны туралы туралы айғайлауы елеулі әсер етті.

Осы орайда, мен көпшілік назарын келесі жайтқа аударғым келеді, кейде біз ортақ көңіл-күйге бой алдырып, қарапайым әрі мызғымас ақиқатты ұмытуға жол береміз: ислам постулаттары Фемида заңдарымен үндес— кісі өлтіруге, ұрлыққа және бүлінушілікке шақыруға тыйым салады… Сондықтан қолын бүлдіршіннің қанына бояған Гульчехра Бобокулованың әрекетін дінмен байланыстыруға болмайды.

Қасиетті Құранда: «Бейкүнә адамды өлтіру — халықты қырумен тең» делінген.

Жауап алу кезінде белгілі болғандай, ол әйелдің психиатриялық тіркеуде тұрғаны, отбасында кикілжіңдердің болғаны, оның жан күйзелісіне ұшырағаны белгілі болды, ал бұл аз да болса, оның әрекетіне түсініктеме береді.

Бұдан бөлек, Гульчехраның шизофренияға шалдыққаны белгілі болды, ал бұл диагноз туралы оның Мәскеудегі жақындары мен жұмыс берушілері білмеген болып шықты.

Сондықтан мұндай қайғылы жағдайда адамның қандай да бір дінге қатыстылығы туралы айтуға болмайды.

Дұрысы, осындай жағдайда пайдаланып қоғамға іріткі салып, конфессияларды бір біріне айдап салатындардан сақтанған жөн.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз