Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
8
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

“Ислам мемлекеті” Машариповқа Стамбулдағы теракт үшін үш әйел сыйлаған

Пәтерден екі тапанша, 197 мың доллар, дрон және SIM-карталар тәркіленген. Түрік полициясы ақшаны Стамбулдағы теракт жасағаны үшін Машариповке төлеген болу керек деп топшылайды.

Тергеу кезінде Машарипов жаңа жыл түні стамбулдық “Таксим” алаңында шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындады. Бірақ алаңда қауіпсіздік шаралары күшейтілгендіктен, ол түнгі клубты шабуылдаған.

“Reina шабуыл жасауға ыңғайлы орын болды, бірақ клубтың іші қандай екенін мен білмейтінімді хабарладым. Раккадағы “әмір” маған клубтың ішкі көрінісі бейнеленген видео жолдады. Мен оны бірнеше мәрте көрдім. Ішкі жоспарын зерттеп алған соң, мен қаруымды алып Зейтінбұрын ауданында шабуыл жасадым”, – деген Машарипов.

Қарулы шабуылдан соң Машарипов Раккадағы “ИМ” содырларымен байланысқа шыққан. Оның айтуынша, бұйрық берген “әмір” оның Түркиядан қашуына көмектесуге уәде берген. Дегенмен Машарипов ел аумағынан шығып үлгермеді. Ол Стамбул сыртындағы Эсенюрт ауданында арнайы операция барысында ұсталды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз