Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ішкіш, қызғаншақ күйеуін өлтірген әйелді сот ақтап шықты (видео)

Маусымның 16-сы күні Әйгерім мен Тимурдың арасында тағы да кикілжің туындапты. Кафеде биге шақырған бейтаныс жігітпен билегені үшін үйге оралған соң Тимур әйелін оқтаумен сабай бастапты. Сосын қолына пышақ алып әкіреңдепті.

Қорғану мақсатында әлгі пышақты жұлып алған Әйгерім оны күйеуінің кеудесіне қалай қадай салғанын өзі де білмей қалыпты.

Сот барысында Әйгерім Тимурдың қанын тоқтатпақ болғанын, сосын жедел жәрдем шақырғанын айтты. Бұл іс сотқа қасақана кісі өлтіру бабы бойынша түскен еді.

Сот кезінде мемлекеттік айыптаушы бұл бапты «қажетті қорғану шараларын арттыру» бабына ауыстыруды сұрады. Желтоқсанның 8-і күні сот әрекетінде қылмыстық пиғыл болмағандықтан Әйгерімді ақтап шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз