Ішкі істер министрі ҮЕҰ өкілдерімен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қарсы күрес және олардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.
Ағымдағы жылғы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимылдың және олардың құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары» атты тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өтті.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жас қазақстандықтардың тәрбиесіне және олардың қорғалуына ерекше назар аударды. Ол профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде соңғы он жылда жасөспірімдер қылмысының деңгейін біртіндеп төмендетуге қол жеткізілгенін атап өтті.
Бүгінде ІІМ 200-ден астам үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде дағдарыс оратлықтарымен, баспаналармен және оңалту орталықтарымен ынтымақтастықта жұмыс атқаруда.
Шақырылған БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) төрағасы Юрий Оксамитный ұйымдарға және Қазақстанның осал қоғамдастықтарына қолдау көрсету және ауыртпалық тәуекелін төмендету бойынша шаралар туралы айтты.
Сонымен бірге балалар мен жастардың өздерін танытуына мүмкіндік беретін жаңа жобалар құру қажеттілігіне тоқталды, сондай-ақ қазақстандық ҮЕҰ өкілдері тарапынан жинақталған тәжірибені басқа мемлекеттерге таратуға болатынын айтты.
Іс-шара қорытындылары бойынша ІІМ және азаматтық сектордың өкілдері арасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстың профилактикасы мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту және өзара іс-қимыл жасасуды нығайту туралы шешім қабылданды.