Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ішіме сыймай тұр…”. Әйгілі боксшы Головкиннің бапкері не бүлдіргенін айтты


Сергей Ковалев: «Такого „коня“, как Головкин, „запахать“ очень трудно. Но Абель Санчес этого добился»

“Санчес туралы шындықты айтайын ба? Мүлде біліксіз, білімсіз бапкер ол. Өз саласының кәсіби маманы емес. Қолынан түк келмейді. Генаға жабысып алды. Жанынан шықпай қойды. Болды.

https://kaz.365info.kz/albares-zhasasyn-bir-khazakh-genanyn-en-ylken-kemshiligin-ajtty-332083

Бар болғаны осы. Санчес Генаны шамадан тыс жаттықтырып жіберді. Шаршатып, шалдықтырды. Мен Абельді жақсы білемін. Сондай ол. Бас-көзге қарамайды. Бәрін бүлдірген сол. Бәлкім мен қателесуім мүмкін. Бірақ,

Абельдің қарамағында біраз жаттыққаным бар. Сол себепті айтып отырмын.

Меніңше ол Генаны қинап жіберді. “Бүгін аз жаттықтың, тағы-тағы да қимылда. Жаттығуда ауыр болғанман, шайқаста жеңіл болады. Тоқтама. Тынба. Алғашқы кездесуде Альваресті алып ұратын мүмкіндігің бар еді. Бірақ, жаттығуың кем болды. Сол себепті жеңісті бермеді бізге…” деуі мүмкін. Генаны тыныс алдырмады, тоқ етерін айтқанда. Демалыс бермеді.

Ал адамға тынығу керек. Шамадан тыс жаттығудың салдарынан Гена шаршы алаңға шаршап шықты.

Ол жас бала емес. 30-дан әлдеқашан асып кеткен. 36 жаста жаттығуға да белгілі бір ретпен, жүйемен қарау керек. Жасың келген сайын тәжірибең толысады. Аялдайтын жеріңді білуің керек. Сол сияқты атқа қамшы басатын сәтті де сезе білу керексің.

Ал Гена қайтты? Осы күнге дейін ешбір қарсыласынан именіп, кері шегініп көрген емес ол. Бірақ, бұл жолы Гена тапырақтап қалды, шегіне берді.

Себебі, әуелден шаршап шықты шаршы алаңға. Мұның бәрі Абельдің Санчестің кесірінен болды. Генаның шау тартып қалғанын, оған жаттығуды жүйелеп жүргізу керектігін ескермеді.

https://kaz.365info.kz/gena-birinshi-kezdesude-de-zhenilgen-bolatyn-bir-khazakh-ajtpagandy-ajtty-332036

Шыны керек, бұл шайқаста Гена жеңілді. Канело қарсыласын жаңғақтай шағып тастады.

Төрешілерді кінәлаудың жөні жоқ. Канело сергек жүрді. Сергек жұдырықтасты. Тек 10-шы раундта ғана шаршағаны білінді. Гена сол сәтті ұтымды пайдалана білді. Алайда бұдан не қайыр? Өзге раундтардың көпшілігі Канелоның қанжығасында кеттті.

Генаға жылдамдық жетіспеді. Канело бұл жағынан оны орап алды. Кездесудің басынан-аяғына дейін қысым жасаумен болды. Өз басым осы күнге дейін бір де бір боксшының Генаны алқымнан алғанын көргем жоқ. Таңғалдым.

Тағы да қайталайын, Головкин бұл кездесуге шаршап-шалдығып шықты”, – деп ағынан жарылыпты ресейлік боксшы.

https://www.youtube.com/watch?v=0KlVPTcXki4

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз