Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ішсең үйде отыр”. Қалалық ІІД жұртшылықтан Астана күні қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды

Оның атап өтуінше, гала-концертті келіп тамашалау міндетті емес. Себебі сол әртістер өзге де алаңдарда өнер көрсетеді.

«Барлық мерекелік алаңдарда ортақ сценарий бойынша бір ғана әртістер өнер көрсетеді. Бір алаңнан кейін екіншісіне барады, кейін үшінші, төртінші және бесіншісіне кетеді», – деді ол.

Сондай-ақ ІІД өкілі мұндай концерттерге балалармен келмеуге кеңес берді. Бұған дейін өткен Open Air шарасында 30 бала жоғалып кеткен.

Айта кетейік, полицейлер гала-концертке келушілерді тексеріп өткізетін болады. Көрерменге тыйым салынған заттарды, пиротехниканы, алкогольді ішімдікті, шыны және металл ыдыстағы өнімді алып өтуге, әншілер өнер көрсететін орындарға заттарды лақтыруға, ішімдік ішуге немесе мас күйінде келуге, қоршауларға, жарық беретін құрылғыларға, ағаштар мен шатырларға және басқа да адамдар тұруға арналмаған ғимараттарға мінуге тыйым салынады.

 

«Өтініп сұрайтынымыз, егер алкогольді ішімдік ішкен болсаңыз, концертті үйде теледидардан тамашалаңыз. Мұндай шараларға барудан бас тартыңыз», – деп кеңес берді С.Жүсіпов.

 

Сонымен қатар, «Қазақ елі» монументі алаңында гала-концерттің өтуіне байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі мен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі Тәуелсіздік даңғылында көлік қозғалысы шектелетін болады. Осыған байланысты ІІД автокөліктерді алдын ала арнайы бөлінген орындарға қоюды ұсынды. «Жеке көлігімен келетін көрермендер өздеріне ыңғайсыздық тудырмауы үшін көліктерін арнайы белгіленген орындарға қоюын сұраймыз. Ол Әзірет Сұлтан мешітінің және Триатлон парк автотұрақтары», – деді С.Жүсіпбеков.

 

Мереке күндері 3,5 мыңнан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 1,6 мыңға жуық әскери қызметшілері құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін болады. Гала-концерт 6 шілде күні сағат 20.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының алдында басталады. Ол аяқталысымен Астананың 20 жылдығына орай үлкен отшашу болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз