Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Исекешев Сағынтаевтан сөз естіп қалды

«Бүгiн таңертең жұрттың бәрi жауған қарға байланысты жұмысқа кешiгiп келiп жатыр. Бiздiң де отырысымыз кеш өтуде. Бүкiл қала тұрып қалды. Ешқандай дайындық болмаған секiлдi. Жағдай қазiр қалай?», – деп сұрады үкiмет басшысы Астана әкiмi Әсет Исекешевтен.

Қала әкiмi өз сөзiнде қар тазалау жұмыстары түнi бойы жүргiзiлгенiн айтты.

«Шын мәнiнде, бүгiн ауа райы күрт өзгердi. Бiз дайындалдық. Түнi бойы сағат екiден бастап қар тазалау жұмыстары жүрдi. Негiзiнен, қазiр жолдар таза. Қар көп түскендiктен, қалада үлкен көлiк кептелiсi орын алды. Барлығы реттеледi», – дедi ол.

«Әсет Өрентайұлы, бұл сiздiң әкiм ретiнде қарсы алып отырған алғашқы қыс, алғашқы сынақ. Бұл жағдайдан абыройлы шығуыңызға тiлектеспiз», – дедi Сағынтаев.

1451446585_a

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз