Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Ірі-қара мал сатып алмақшы кейіп танытып 233 млн теңге субсидияны жымқырған

442
Сурет ашық көздерден алынды

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

«Павлодар облысының аумағында тіркелген шаруа қожалықтары «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттен РФ-дан ірі қара мал сатып алуға жалпы сомасы 233 млн теңге субсидия алғандығы анықталды. Субсидия алу өтінімдеріне және ІҚМ сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2018-2019 жылдары облыс аграрилері РФ кәсіпорындарынан «Герефорд» тұқымды 1447 бас ІҚМ сатып алып, ҚР-ға  әкелді.

Алайда Ресей Федерациясының уәкілетті органдарының мәліметінше, жоғарыда аталған бірқатар ШҚ ІҚМ сатып алмаған. Тінту барысында мөрлер (соның ішінде РФ уәкілетті мемлекеттік мекемелерінің мөрлері), оргтехника, ақшалай қаражат, бухгалтерлік және өзге де құжаттар табылды және тәркіленіп алынды», — делінген хабарламада.

Күдіктілер 96 млн теңге шығынды өтеді, бірақ тергеу жалғасуда.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз