Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
426
-0.41
EUR
493
-1.42
RUB
5.97
-0.01

Интернетте түнгі клубта өзара ерегескен жігіттердің төбелесінің видеосы пайда болды

“Кіреберісте тұрғанбыз. Үйге қайтуымыз керек болған. Кейін осы жігіттер шығып, жолай менің досымды итеріп жіберді, кейін қайтып келіп, тағы итерді. Менің досым ерегеспейік, демалып жүрміз ғой депті. Олар өз кезегінде “Бәрі дұрыс” деп, ал кейін маған тиісе бастады. Көк жейдедегі жігіттің есімі – Алпамыс. Бұған дейін “Тастақ” ықшамауданында тұрғанмын дейді, мен сол жақта тұрамын. Мені танисың ба деп сұрай бастады. Бірақ мен оны есіме түсіре алмадым”, – дейді Толтаев.

Кейін ерегес басталып, тараптар бір-бірін итерген, осыдан кейін төбелес болған. Толтаевтың айтуынша, төбелес кезінде қызыл жейдедегі жігіт қалтасынан пышақ алып шыққан.

Дәрігерлер жігітке мұрнының сынғанын айтыпты. Кейін оны №7 ауруханаға жіберіпті. Сол жақта жігіттің омыртқасы екі жерден шытынағаны белгілі болған. Дәрігерлер басының жарылғанын анықтап, тігіп беріпті. Ал Толтаевтың досының тісі сынған, денесі көгеріп, басы жарылған. Сонымен қатар, ұялы телефонын сындырып кетіпті. Жәбірленушілер оқиғадан кейін полицияға арыз жазды.

Қалалық ІІД өкілдері өз кезегінде бұл деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша (“Бұзақылық”) тіркелгенін хабарлады. Полицейлер бұзақылардың аты-жөнін анықтап, қазіргі уақытта оларды іздестіріп жатыр. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз