Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қап-ай ә…”. Сарапшы 2019 жылы доллар бағамы қандай болатынын айтып қойды

1293

Жалпы, Қазақстанның 2018 жылғы экономикалық көрсеткішін алатын болсақ, ол оң нәтижеге ие. Мысалы, жалпы ішкі өнім көлемі тұрақты. Шетелдің тікелей инвестициясы көбейген, сауда балансының профициті өсіп келеді, сыртқы қарыз бойынша төлемдер 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы әлдеқайда аз болмақ.

Оның үстіне, сыртқы нарықтағы жағдайлар қиындап кетсе, Ұлттық банк теңге бағамының тұрақтылығына ықпал етіп, ақша-несие саясатына өзгеріс енгізіп отыратын болады. Мұнай бағасында айтарлықтай құлдырау бола қоймайды. АҚШ Ресейге қарсы тағы бір санкция енгізейін деп жатқан жоқ. Осы жағынан алғанда, 2019 жылы теңгенің қатты құлдырауына айтарлықтай негіз жоқ. Яғни, 2019 жылы теңге қатты қымбаттамайды, – деп сендіреді ол.

Басты экономикалық көрсеткіштерге қатысты нарыққа қатысушылардан ұдайы сауалнама жүргізіп отыратын бұл қауымдастық, соған сүйене отырып, 2019 жылдың басында 1 АҚШ доллары 360,5 теңге, ал жыл бойына 331,4 және 380 теңге аралығында ауытқуы ықтимал екенін айтады.

Куба туралы адам сенгісіз 27 шындық

“Открытие Брокер” сарапшысы Тимур Нығматуллин Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамын реттеуден инфляцияны трагеттеуге көшкеніне баса назар аудартты. Осы жағынан алғанда, теңгенің бағамы енді сыртқы факторларға қатысты ғана өзгеріске ұшырамақ.

Дегенмен маман Ұлттық банктің инфляцияны трагеттеуі күткен нәтижені бермей жатқанын айтады.

– Меніңше, дамушы нарықтағы дағдарысқа байланысты мұнай қымбат болса да Ұлттық банк монетарлық саясатты өз бетіне жіберіп, әдейі араласпай отырды.

Салдарынан инфляция қатты өсіп кетті. Енді осы мәселені еңсеру үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізетін болады. Тіпті, ақша бағамындағы дәліз дегенді алып тастауы мүмкін. Мұндай жағдайда теңге бағамының қандай болатынын нарыққа қатысушылар емес, Ұлттық банк қана шеше алатын болады.

Ал Ұлттық банктің бұл реттегі саясаты теңгені қатты құнсыздандырмау деп ойлаймын.

Ал экономист Александр Юрин жыл соңына дейін 1 АҚШ долларының құны 400 теңге болмаса да 390-395 теңге аралығын қамтуы ықтимал екенін айтады.

Комсомолдың 100 жылдығын тойлаған шалдарға өлең шықты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз