Индонезияда Синабунг жанартауы қайтадан оянды. Бұл жолы ол аспанға бірнеше шақырым күл бағанасын лақтырды.
Атқылаудан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Кадрларда апаттың ауқымы көрінеді. Бірнеше минуттан кейін 20 шақырым радиусты күл басты.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, соңғы үш күнде бұл жанартау төрт рет атқылаған. Вулканологтар алдағы күндері жағдайдың қайталануы мүмкін деп болжам отыр.
Мұндай атқылау екі жыл бұрын болған. Ол кезде Австрияның жанартау күлі бойынша консультативтік орталығы әуе тасымалдары үшін қызыл қауіп деңгейін жариялады.