Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған Елбасының өкімінде айтылды.
„Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-министрінің орынбасары етіп тағайындалсын„ делінеді Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімінде.
Биыл желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов 60 жасқа толады. Оның үш баласы бар.
2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі, 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Алматы қаласының әкімі, 2008 жылдан бастап 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі болды. Ал 2014 жылдың 22 қазанынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болды.