Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Иманғали Тасмағамбетов анголалық әскерилердің жағдайымен танысты

Қорғаныс министрі әскери техниканы сақтау және қызмет көрсету орындары бойынша алдыңғы көшпелі кеңесте берген тапсырмаларды жеке бақылады. Сондай-ақ, Иманғали Нұрғалиұлы командалар тұратын және тамақтанатын орындарды тағы бір мәрте қарап шықты.

«Ұйымдастырушылар бақылау мәселесінің маңыздылығын ұғынуы тиіс. Сондықтан, жұмысты барлық команданың қауіпсіздік шаралары мүлтіксіз сақталатындай етіп ұйымдастырғандарыңыз абзал», – деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов ұйымдастыру штабының алдында.

Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы жақында ғана оқу-жаттығу

барысында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен анголалық командадағы әскери қызметшілердің хал-жағдайын сұрады. Госпитальда оларға барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

Армия халықаралық ойындары-2016 Қазақстанда 2 тамыз күні басталатынын естеріңізге сала кетейік.

13 елдің, яғни, Қазақстан, Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және ОАР-дың әскери қызметшілерінен құралған командалар күш сынасады. Осы жылы халықаралық армия ойындары 23 аталым бойынша өтеді. Ресейлік команда барлық номинацияға қатысады. Қытай тарапы 22 ойында өнер көрсетсе, Қазақстан 21 номинацияда сынға түседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз