Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
426
+0.01
EUR
495
-0.20
RUB
5.98
+0.03

Ильиннің олимпиадаға қатысу-қатыспауы жақын күндері белгілі болады – Аманбек Құлшықов

Бейжің және Лондон олимпиадасында тапсырған допинг сынамаларын қайта қарау кезінде қазақстандық ауыр атлеттің басы дауға қалған еді. Енді Ильиннің олимпадаға қатысуы белгісіз күйде қалып отыр.

– Илья Ильин бүгінгі баспасөз отырысына қатысуы тиіс еді. Алайда оны шұғыл түрде Женеваға шақыртып, кеше сапарға шығып кетті. Енді оның олимпиадаға қатысу мүмкіндігі бір-екі күндікте белгілі болады. Илья елге оралған соң біз оның қатысуымен баспасөз конференциясын өткізіп, мән-жайды толық айтатын боламыз, – деді Амандық Құлшықов.

Ол өз сөзінде Ильяға клуб тарапынан қашанда қолдау болатындығын айта келе, оның олимпиадаға қатысуы аса маңызды екендігін жеткізді.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Илья Ильин 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олимпиада ойындарының жеңімпазы болудан үмітті №1 спортшы. Ол 2014 жылы өткен әлем чемпионатында рекорд орнатқан болатын. Араға бір жыл салып, Грозныйда ол өзінің рекордтық көрсеткішін қайта жаңартқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз