Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
17
USD
446
0.00
EUR
480
0.00
RUB
5.4
0.00

Ильиннің Лондон Олимпиадасындағы алтын медалі ирандыққа берілуі мүмкін

Жақында Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы (IWF) 2012 жылы өткен Лондон Олимпиадасында қола медальды иеленген молдовиялық Анатолий Кырыктан допинг табылғанын хабарлаған болатын. Осыған дейін Лондон Олимпиадасының чемпионы Илья Ильин мен екінші орын алған ресейлік Александр Ивановтан да допинг табылғаны мәлім болды.

Барлық ауыр атлеттер уақытша жарыстардан шеттетілді. Оларға қатысты шешім әлі шыққан жоқ. Бірақ медальдарынан айыру мүмкіндігі мол. Басқа ауыр атлеттерге осыған дейін дәл сондай қатаң жаза қолданылған болатын. Егер бұл шешім қабылданса, Ильяның алтын медалі бесінші орын алған ирандық Саед Мохаммадпуруға бұйырады.

Ал, сегізінші орын алған кореялық Ким Мин Джэ күміс жүлдегер атанса, тоғызыншы орын алған польшалық Томаш Зелинский қола жүлдені қанжығаға байлайды.

90870-preview-image

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз