Тұңғыш рет Іле Алатауында күшіктерін ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүргізілген жұмыс барысында Іле Алатауы ұлттық паркі аймағында тарихта тұңғыш рет бірегей видеоматериал түсірілді. Бейнекадрда 3 жануардың тау беткейін бойлай маңғаз басып кетіп бара жатқаны түсіп қалған.
Ұлттық парк мамандарының бағамдауынша, камераның алдынан ұрғашы барыс 1,5 жасар күшіктерін ертіп өткен.