Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

ІІМ қазақстандықтарға жеке куәлікті ауыстыру туралы ескертті

463

Оның жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталатындықтан, ҚР ІІМ жеке куәлікті уақытылы ауыстыру туралы ескертті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, ақпаратты электронды тасымалдаушы (чипі бар) жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжаттың жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды. Яғни 2009 жылы жеке куәлік алған азаматтар үшін құжаттың жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталады.

Құжатты еліміздегі кез-келген ХҚКО-да рәсімдеуге болады.

Сонымен қатар ескі үлгідегі құжатты жаңа түріне ХҚКО-ға бармай-ақ алмастыруға  болады. Ол  үшін электронды үкімет порталы арқылы сұрау жіберу жеткілікті. Азамат электронды сауалхатпен бірге өзінің 3,5х4,5 см. цифрлі фотосуреті мен жеке қолын сканерленген графикалық файл түрінде жолдауы тиіс.

Қолайлылық үшін бұрынғы  құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда аталған құжаттарды рәсімдеуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз