Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Игорь Крутой Димаштың жетістігі туралы: «Көптің қызғанышын оятады»

279
Сурет әлеуметтік желіден алынды

«Димаш Құдайберген «Знай» (муз. жазған И. Крутой, сөзі М. Гуцериевтікі). Бүгін Димаштың туған күні, менің Досым 26 жасқа толды, мен оны шын жүректен құттықтаймын. Қымбатты Димаш, қазірдің өзінде, сен көп жұмыс атқарып, көп нәрсеге қол жеткіздің, біршама жобаларда жеңіске жеттің, бірақ сенің ең басты  жеңісің — түрлі елдегі сені жақсы көретін көптеген жанкүйерлерің… Олар сені сүйіп тыңдайды, сенің дауысыңның әрбір нотасын біледі», — деп жазды Игорь.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Сондай-ақ Игорь Крутой Майамидегі даяшылар өздерінің қонағының Димаштың танысы екенін біліп, мәз-мейрам болғанын айтты.

«Оля екеумізге майамилік ресторанда қалай қызмет көрсетілгенін тіпті елестете  де алмайсың. Олар мені танып, Димашпен таныс екенімізді біліп, осындай құрметке ие болдым… Бұндай жетістік жайдан-жай келмейді, сен бүкіл әлемді жақсы көріп және құрмет тұта отырып, музыкаға өз өміріңнің әрбір сәтін бересің (тіпті ұйықтап жатқанда да, музыкамен өмір сүретіндейсің)!!! Әсіресе, отбасыңның әрбір мүшесінің денсаулығы мен жетістігіне алаңдап, оларды шексіз жақсы көресің… Сенің бар өмірің алдыда… Өкінішке орай, үлкен жетістік басқалардың қызғанышын оятады, сені жамандайтындар да табылады… Туған күніңде саған осындай талас-тартыста әрқашан ар-намысыңды сақтап, Жеңімпаз болып шығуыңды тілеймін. Жақындарың аман, бақытты болсын! Сенің бойыңдағы жанкүйерлеің жақсы көретін қарапайымдылығың мен талантыңды сақтап қал! Бақытты бол, қымбатты Димаш!» — деп қорытындылады ресейлік маэстро.

Естеріңізге сала кетейік, 24 мамыр күні Димаш 26 жасқа толды. Оның туған күніне орай Қытай  тұрғындары  кумирлерінің құрметіне  3 мыңға жуық ағаш отырғызып, оларды  «Димаш» деп атады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз