Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Игита – футзалдан әлемнің үздік қақпашысы!

Сонымен қатар, Какау үздік бапкерлер номинациясының екеуінде де (ұлттық құрама және клуб) екінші орынға ие болды. «Қайрат» та клубтар арасындағы сауалнамада екінші болды.

00c53f600558cc306ed9a64de9505176

Ал Қазақстан ұлттық құрамалар номинациясында үшінші болып танылды. Яғни біздің еншімізде – бір І-орын, үш ІІ-орын және бір ІІІ-орын.

Осымен 16-шы рет өткізілген сауалнамаға дүниежүзінің 174 маманы, журналисі және сарапшысы тартылыпты. Олардың дауыс берулері арқылы бірнеше номинация бойынша 2015 жылғы әлемнің үздіктері анықталды.

Бір өкініштісі, futsalplanet.com сайты қорытынты кестеде Игитаны “бразилиялық” деп жазыпты. Жарайды, шалғайдағы қазақ елінің намысын қорғайтын қақпашыны “Қазақстан голкипері” деп жазудың өзін көпсінген болар. Олар бір ауыз сөзді қимаса да, Игитаның өзі:

– Бағымды ашқан – «Қайрат» пен Қазақстан. Енді Бразилияның да намысын қорғамаймын, жүрегім – футзал әлемін мойындатуыма мүмкіндік туғызған Қазақ елімен бірге! – деп ағынан жарылып, тебіреніп жүр. Бізге осы да жетеді!

Енді сіздердің назарларыңызға әр номинацияның жеңімпаздары мен үздік үштігін ұсынамыз:

Әлемнің ең үздік ойыншысы

1. Рикардиньо (Португалия) – 768 2.

Мигелин (Испания) – 544

3. Гадейя (Бразилия) – 196

Әлемнің ең үздік қақпашысы

1. Игита (Қазақстан) – 528

2. Пако Седано (Испания) – 439

3. Стефано Маммарелла (Италия) – 400

Ұлттық құрамалар арасындағы әлемнің ең үздік бапкері

1. Хосе Венансио Лопес (Испания) – 660

2. Какау (Қазақстан) – 531

3. Сержиньо (Бразилия) – 215

Әлемнің ең үздік ұлттық құрамасы

1. Испания – 706

2. Бразилия – 621

3. Қазақстан – 268

Әлемнің ең үздік клубтық бапкері

1. Хесус Веласко («Мовистар Интер», Испания) – 552

2. Какау («Қайрат», Қазақстан) – 539

3. Кака («Газпром-Югра», Ресей) – 313

Әлемнің ең үздік клубы

1. «Мовистар Интер» (Испания) – 699

2. «Қайрат» (Қазақстан) – 440

3. «Карлос Барбоса» (Бразилия) – 306

Әлемнің ең үздік жас ойыншысы

1. Адольфо Эрнандес (Испания) – 399

2. Эмилио Буэндиа (Испания) – 360

3. Денер Родриго Да Силва (Бразилия) – 286

Әлемнің ең үздік төрешісі

1. Алессандро Мальфер (Италия) – 543

2. Габор Ковач (Венгрия) – 466

3. Марк Биркетт (Англия) – 402

Әйелдер арасындағы әлемнің ең үздік ойыншысы

1. Амандинья (Бразилия) – 425

2. Ванесса Кристина Перрейра (Бразилия) – 370

3. Ванесса Сотело Квинтела (Испания) – 299

Әйелдер арасындағы әлемнің ең үздік қақпашысы

1. Белен Де Унья Марсо (Испания) – 354

2. Ана Катарина Силва Перейра (Португалия) – 345

3. Патриция Мораес Фариа «Гига» (Бразилия) – 340

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз