Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр. Айтулы мерекеге орай шымкенттік жастар ерекше акция өткізіп, әлеуметтік жарнама ретінде видеоролик түсірді.
“Біз күнделікті өмірімізде рахмет айтуды ұмытып кетеміз. Кейде тұрғындардың өзі де осы сөзді естігенде күдіктене қарайтындай көрінеді. Сондықтан әлеуметтік эксперимент жүргізіп, түрлі кәсіп өкілдеріне алғыс айтуды жөн санадық”, – делінген аталған видеороликте.
Дерек көз Sn.kz.